+7 (7172) 26-63-47

arkanparki

«Есірткісіз қала,спорттық жаз» науқаны аясында қаламыздың 9 саябағында әр апта сайын ашық аспан астында спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

22 және 23 шілде күндері барлық тілек білдірушілерді 18.00-20.00 уақыт аралығында «Арай», «Студенттік», «Астаналық», «Ататүрік», «Ғашықтар саябағы», «Президенттік», «Отан қорғаушылар саябағы», «Жерұйық» және Есіл өзені бойында орналасқан саябақтарға шақырамыз. Алдағы демалыс күндері арқан тартыс, дартс, гір тасын көтеру спорты,қол күресі,стритбол және қақпаға доп соғу ойындары өткізіледі деп жоспарлануда. Жеңімпаздар сыйлықтар мен жүлделерге ие болады!

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ командасы барлықтарыңызды жаз мезгілін спортпен көңілді өткізулеріңізді тілейді.

9 саябақтағы спорттық іс-шаралар Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен өткізіледі.

Онлайн кім

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр