+7 (7172) 26-63-47

box

22  және 23 тамыз күндері Астанадағы Мәскеу Күндерін тойлау аясында Мәскеу және Астана қалаларының бокстан құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу өтеді.

22 тамыз күні құрама командалар біріккен жаттығулар өткізеді.23 тамыз күні 12.00 Әкімдік алдындағы қалалық алаңда Астанадағы Мәскеу Күндерін тойлау аясында Мәскеу және Астана қалаларының бокстан құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу жоспарлануда.Салтанатты рәсім,әртүрлі салмақ дәрежесіндегі жолдастық кездесулер және жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі. Астана құрама командасына 16 атақты боксшы : 12 ер адам және 4 әйел адам кіреді. Рингке шығатын спортшыларымыз : спорт шебері ҚР бірнеше дүркін чемпионы Маржикпаев Аят, спорт шебері халықаралық және республикалық турнирлердің чемпионы және жүлдегері Оралбай Нұрбек, спорт шебері, ҚР чемпионы Оралбай Айбек және жоғары нәтиже көрсеткен басқа да спортшылар. Ерлер арасындағы кездесулер 10 салмақ жәрежесі бойынша өткізіледі: 49, 52, 54, 56, 57, 60, 64, 69, 75, 81 кг. Әйелдер 4 салмақ дәрежесінде рингке шығады. Алаңға еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 және 2017 ж ҚР Чемпионы Хальзова Валентина 69 кг;  спорт шебері Абдраимова Алия 64 кг; спорт шебері Султанқызы Сания 57 кг және спорт шеберіне кандидат Забынбекова Айдана 54 кг.

Ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігі, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және  Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Онлайн кім

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр