+7 (7172) 26-63-47

17 қыркүйек күні астанамызда жыл сайынғы «Астана Марафон-2017» өткізіліп, 4500 адам қатысты. Бұл жылы марафон жүгірушілері өз күштерін 3 қашықтықта: 42 км, 21 км және 10 км сынады. Басталмастан бұрын, 4 сөре алдында WORLDCLASSASTANA нұсқаушысы Замира Муржикова марафон қатысушыларына сергіту жаттығуларын жүргізді. Бірінші қашықтық 42,2 км-ге жүгіру 07:00 басталды. Екінші қашықтық 21,1 км-ге жүгіру 7:15 басталды. 10 км қашықтыққа жүгіретін спортшылар 7:30 басталды. Төртінші қашықтық 10 км-ге скандинавиялық жүгірістен 7:35 басталды. Көрсетілген дәстүрлі жүгірістерден соң осы жылы 5 команда 42,2 км-ге эстафетаға жүгірді.

«Астана Марафон - 2017»  қатысушылары қазақстандық және халықаралық компаниялардың қызметкерлері, алыс және жақын шет елден келген қонақтар болды. Астана марафон сегіз жылдан бері танымалдылығы жөнінен артып, жалпы жұртқа қол жетімді болып келеді. Бұл жылы мүмкіндігі шектеулі жандар да шақырылды.

Жақын және алыс шет елдің 19 елінен : АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Италия, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Қытай, Украина, Малайзия, Ресей, Австралия, Польша, Испания және т.б. қатысушылар келді.42,2 км қашықтықта керемет нәтижелер көрсетіп келе жатқан әлемге әйгілі Кениялық спортшылар Саймон Кипругут Кируй және Генри Кипсанги Чебой жүгірді.

Салтанатты марапаттау рәсіміне құрметті қонақтар есебінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев , Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысы Азамат Имашев шақырылды. Марафонды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап берді.

-Марафон қатысушылары – бір мақсатпен біріккен адамдар,олар-«Аяла», «СОС Детские Деревни», «Қасиеттi Жол», «Дом Мамы» қорларының әлеуметтік бағдарламаларына үлес қосып жүрген, спорттың дамуы мен қоғамдағы мәселелерге мән беруге, салауатты өмір салтын дәріптеп жүрген жандар,- деп айтып өтті Астана Марафон директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафон кезінде LED-экрандарда Головкин- Канело жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіліп, теңбе-тең ұпаймен аяқталды. Трансляция аяқталған соң қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, Асқар Жайлаубаев,  ДОС, Диана Май,  Луна, Жади Нурбол Балапанов, Нұрғали Тұрлыбеков, Куляйым Қайырбаева және Алмас Кішкенбаев өнер көрсетті.

«Астана Марафон» дәстүрлі түрде  барлық айналымдар мен қашықтықтардың жеңімпаздары марапатталды. Осы жылғы марафон жеңімпаздары медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Астана Марафон-2017» нәтижесі

42,2 км қашықтық, ерлер

1 орын–Simon Kirui (Keniya)

2 орын – Henry Kipsang (Keniya)

3 орын–Имашев Алмат Т-Курган

 

 42,2 км қашықтық, әйелдер 18-40 жас

1 орын – Гульжанат Жанатбек 02:46:16

2 орын – Акмарал Меирман 02:49:05

3 орын – Мария Киреева 03:06:33

42,2 км қашықтық, әйелдер 40-41 жас

1 орын – Бота Шалина 04:15:58

2 орын – Айгуль Алданова 04:43:19

3 орын –GuzalVassieva 05:12:17

42,2 км қашықтық, әйелдер 51-60 жас

1 орын – Любовь Ассанова 04:03:34

 

42,2 км қашықтық, әйелдер 61-70 жас

1 орын Амегульсин Мирошниченко 03:02:11

42,2 км қашықтық, ерлер  41-50 жас

 

1 орын – Мендыбай Алимгазинов 02:59:33

2 орын – Жаксыбай Есжанов 03:10:37

3 орын –Ринат Саликжанов 03:26:06

42,2 км қашықтық, ерлер  51-60 жас

1 орын – Павел Брода 02:54:55

2 орын – Талапнур Байзак 03:01:43

3 орын –JoergChittka 03:12:39

42,2 км қашықтық, ерлер 61 -70 жас

1 орын – Валерий Куликов 01:51:36

2 орын – Толейтай Жаманбек 02:16:41

3 орын – Чарьяздан Ибрагимов 02:22:38

 21,1 км қашықтық, ерлер

1 орын- Алексей Гусаров 01:14:31

2 орын- Кудайберген Зейноллаев 01:18:46

3 орын – Евгений Медведников 01:18:41

21,1 км қашықтық, әйелдер

1 орын- Дана Айдосова 01:22:54

2 орын – Ольга Богомальская 01:25:46

3 орын – AleishaWawn01:37:07

10 км қашықтық, ерлер

1 орын – Бибол Сериков 00:38:31

2 орын – Леукатай Ерасыл 00:38:35

3 орын _ Артем Чижевский 00:38:41

 

10 км қашықтық, әйелдер

1 орын – Жақсыгүл Мусырман 00:53:21

2 орын – Булгакова Евгения 00:54:22

3 орын – Перрин Бера 00:56:52

Эстафеталық марафон

1 орын –  Қайрата Кокеновтың балалары 02:23:35

2 орын – Leadek 03:10:02

3 орын – ALA 65 TEAM 03:10:36

«Астана Марафоне 2017» туралы толық ақпаратты ұйымдастырушылар сайтынан біле аласыздар: http://www.astana42k.com/

Ұйымдастырушылары Гаухар Брамлей-Фентон, Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

semeynyduatlonsite

Отбасы күні мерекесіне орай Астана Триатлон саябағында «Жанұялық дуатлон» өткізіліп,32 отбасы жарысқа қатысты. Жарыс үш арақашықтықта екі спорт түрінен өткізілді. Әкелер 2 км жүгіріп, аналар велосипедпен 2 км, балалар 300 м-ді жүгіріп өтті. Жалпы арақашықтық 4,3 км. Бүгін қатысушылар екі жас шамасы 9-11 жас және 12-14 жас аралығында тіркелді. 9-11 жас дәрежесінде «Жанұялық дуатлонның» алтынын 12-ші нөмірдегі Пономаревтар отбасы жеңіп алды. Әкесі Пономарев Максим, анасы Пономарева Елена және ұлы Пономарев Максим.Күміс 16-шы нөмірдегі командаға бұйырды. Әкесі ДженгизУфук, анасы Рената Сағындыкова-Дженгиз және қызы Дженгиз Эльвинземха. Үшінші орынды 13-ші нөмірдегі команда жеңіп алды. Әкесі Белешкин Сергей, анасы Селезнева Ольга және Белешкина Анастасия. 12-14 жас аралығында бірінші орынды 39-шы нөмірлі команда алды. Әкесі Вишняков Максим, анасы Вишнякова Инна және қызы Вишнякова Анастасия. Екінші орында 41-ші нөмірлі команда иеленді. Әкесі Шевченко Константин, анасы Шевченко Наталья және ұлы Шевченко Константин. Үшінші орында 40-шы нөмірлі команда жеңіп алды. Әкесі Велещук Александр, анасы Велещук Анна және баласы Велещук Максим.

Алғаш рет «Жанұялық дуатлонды» өткен жылдың қыркүйегінде өткізіп, лотореяда велосипедтер ойнатылды, ал ең басты жүлде Ыстықкөлге жолдама еді. Осы жылы «Жанұялық дуатлонда» тұрмыстық техника бас жүлдеге қойылды: тоңазытқыш, теледидарлар және ноутбуктар. Сонымен қатар «Жанұялық дуатлон» лотореясында 5 велосипед ойнатылды. Отбасы мерекесіне мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылып, кішігірім сыйлықтар тарту етілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ командасы спортсүйер отбасы – болашақ кепілі екендігіне сенімді. Сол себепті «Жанұялық дуатлонның» ұраны-«Салауатты отбасы-салауатты ұлт».  «Жанұялық дуатлон»- бұқаралық спорттың дамуына көп үлес қосатын жарыс түрі.

Ұйымдастырушысы-Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ. Іс-шара  «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен өткізілді.

Елордамыздың спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/#Астанаспортивная  #Астана #АсетИсекешев #Казахстан  #astana_akimat  

В Instagram http://piclone.com/u/elordasport/3277567554

zhozsite

9 қыркүйек күні Астана Триатлон саябағында «Денсаулық фестивалі-2017» өтті. Бұл жыл сайын өткізілетін шара. Денсаулық пен спорт мерекесінің басты ұраны – «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!». Фестиваль қатысушыларына олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Бахтияр Артаев қызықты жаттығулар кешенін көрсетті. Көрермендер мен қатысушылардың назарына джиу-джитсу стилін меңгерген спортшылар шеберлік сабақтарын паш етті. Сонымен қатар фестиваль алаңында «Денсаулық қалашығы» жұмыс жасады. Бұл жерде дәрігерлерден тегін кеңес алды: нутрициолог, кардиолог, дерматовенеролог, жалпы тәжірибедегі дәрігер кеңесі. Артериялық қысым, глюкоза мөлшері мен қандағы холестеринді де өлшетуге болады. Ары қарай символикалық жүгіру және спорттық жүгіріс өткізілді, мұнда ең бастысы жеңіс емес қатысу. Дегенмен бірінші келген бес жеңімпаз алғыс хаттармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болғандар

1 орын – Малансаргенов Чингиз

2 орын – АйтжанРайымбек

3 орын – Каналбай Султан

4 орын – ИсмангалиевАян

5 орын – КапбасовДыман

Спорттық жүгірістен жүлделі орынды иеленгендер:

1 орын – Лобынцева Ангелина

2 орын – Фырынжымаржан

3 орын – Сатыбалдина

4 орын – МайромбаеваКарлыгаш

5 орын – Буякова Анастасия

Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»ЖШС директоры Курманбаева Ақмарал Рахымтаевнаның айтуы бойынша:

- «Денсаулық фестивалі-2017»-жыл сайын Қазақстанның әр аймағында өткізілетін шара. Осы жылғы фестиваль республикамыздағы салауатты өмір салтын сақтау қызметінің құрылуының 20-жылдығына арналады. Бүгін бір уақытта барлық аймақтарда сағат 10.00 денсаулық фестивалі басталады, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында.

Құрметті қонақтар- ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Биртанов, 2012 жылдың олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ж. Сапиев.

Фестиваль аясында жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Денсаулық сабақтары» өткізіліп, «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбы қозғалды, мектеп төңірегінде оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен флешмобтар ұйымдастырылды.

Ауқымды науқанның ұйымдастырушылары-Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» және де Астана қаласы әкімдігінің « Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Елордамыздың барлық спорт шаралары жайлы сайттан оқи аласыздар:http://elordasport.kz/,
#Астанаспортивная  #Астана  #АсетИсекешев  #Казахстан #astana_akimat  
В Instagram http://piclone.com/u/elordasport/3277567554

 

kurbanayt

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Бұл күні мерекелік айт намазы аяқталған соң «Нұр Астана» , «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуахас қажы Ғылмани» мешіттерінің алдындағы алаңда 4 спорт түрінен жарыс өткізілді: арқан тартыс, асық ату,қол күресі және гір көтеру спорты. Құрбан айт мейрамына арналған жарысқа 369 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

 «Нұр Астана» мешітінің алдындағы алаңда арқан тартыс, қол күресі,асық ату және гір көтеру спортынан жарыстар өтті.

Арқан тартыс жарысында жеңімпаз атанған командалар:

1 орын – «Арабтар»

2 орын – «Строй контракт»

3 орын – «Нұр Астана»

Қол күресінен жеңімпаз атанғандар Джунагулов А. - бірінші орын, Қайргалиев Б.- екіншіорын, __ Қуанышев А.-үшінші орын.

Гір көтеру спорты 16 және 24 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар анықталды.

16 кг

1 орын –  Смаилов Асыл

2 орын – Шәріпбекұлы Қуаныш

3 орын – Жамантаев Ержан

24 кг

1 орын – Жорабеков Жеңіс

2 орын – Әбдразақ Бекжан

3 орын – Сәрсенбеков Құрбан

Ұлттық спорт түрі асық атудан

1 орын – Төрехан Самат

2 орын – Жұмағұлов Есен

3 орын –Қаржауов Омар

«Әзірет Сұлтан» атындағы мешітінің алдындағы алаңда асық ату, арқан тартыс,қол күресі,гір көтеру спортынан жарыстар өткізілді:

Арқан тартыс жарысында жеңімпаз атанған командалар:

1 орын – «Шымкент командасы»

2 орын – «Жетісай»

3 орын –  «Сардар»

Қол күресінен жеңімпаз атанғандар:80 келі салмақта Акмедов З.- бірінші орын, Ахметов Т. - екінші орын, Абишев Г. -үшінші орын. 80+ 1 орын – Кайржанов В, 2 орын – Жубаков Д, Ертас У – 3 орын.

Гір көтеру спорты 16 және 24 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар анықталды.

16 кг

1 орын – Муканов

2 орын – Носир

3 орын - 

24 кг

1 орын – Оспанов

2 орын – Толтаев

3 орын – Узапаев

Ұлттық спорт түрі асық атудан жеңімпаздар:

1 орын – Болат Нұрсұлтан

2 орын – Чаниев Насир

3 орын – Ділдебай Бағдат

 «Сәдуахас қажы Ғылмани» мешітінің алдындағы алаңда Құрбан айт мерекесіне орай біздің команда қол күресі,асық ату және гір көтеру спортынан жарыстар ұйымдастырды. Қол күресі жарысы бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Жампуров Рамазан

2 орын – Мамраимов Ғалымжан

3 орын – Мурадалиев Мирза

Гір көтеру спортынан 16 және 24 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар:

16 кг

1 орын – Кадылбек Санжар

2 орын – Тажибаев Аскар

3 орын – Ыктияр Ғани

24 кг

1 орын – Изеев Максут

2 орын – Мұхамедханов Бихан

3 орын – Толжан Айнабек

Ұлттық спорт түрі асық атудан жеңімпаздар:

1 орын – Бекберген Кызайбеков

2 орын – Абай Кошербаев

3 орын – Жалказбеков Арман

Біздің команда барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтайды! Шын жүректен зор денсаулық, бақыт, тыныштық пен береке тілейміз!

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Астана қаласындағы «Нұр Астана» , «Әзірет Сұлтан» және«Сәдуахас қажы Ғылмани» мешіттері. 

wosЕлордамыздың спорттық-бұқаралық өмірі сан алуандығымен кәсіпқой және әуесқой спортшыларды қуантып келеді.

Өткен жексенбі күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ)Астаналық марафоны және  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) болып өтті. Тұңғыш рет бұл жарыс 2016 жылы Қытайда өткізіліп, ШЫҰ 15-жылдығына арналған еді.
Марафонға 5000-ға жуық адам қатысты, қатысушылардың арасында барлық ШЫҰ мүшелігіндегі мемлекеттердің өкілдері, сонымен қатар басқаелдерден келген атлеттер болды. Марафоншыларға,ерлер мен әйелдерге , үш түрлі арақашықтыққа жүгіру таңдауы берілді:10км,2 км 17 м символикалық жүгіріс, ең төзімді және дайындығы барлар 42 км 195 м-ге жүгірді.

Марафонға ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков,Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов,Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.Сонымен қатар олимпиада және паралимпиада жеңімпаздары: Александр Винокуров, Серік Сапиев, Бахыт Сарсекбаев, Елена Хрусталева, Дмитрий Карпов, Болат Жұмаділов, Қанат Исламов және басқа да спортшылар мен жұлдыздар марафон қашықтықтарын жүгіріп өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов және АӨСШК  атқарушы директоры Гун Цзяньвей сөз сөйледі. Спорттық мерекенің сәнін қазақ эстрада жұлдыздарының концерті толықтырды.

Қашықтықтарды бағындарған спортшыларға символикалық сыйлықтар мен сертификаттар тарту етіліп отырды.
Ұйымдастырушылары «Астана қаласының әкімінің аппараты» ММ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,ҚР жеңіл атлетика Федерациясы «ШАНХЭ» Юньнаньдық мәденет және спорт компаниясы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Онлайн кім

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр