+7 (7172) 26-63-47

zhozsite

9 қыркүйек күні Астана Триатлон саябағында «Денсаулық фестивалі-2017» өтті. Бұл жыл сайын өткізілетін шара. Денсаулық пен спорт мерекесінің басты ұраны – «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!». Фестиваль қатысушыларына олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Бахтияр Артаев қызықты жаттығулар кешенін көрсетті. Көрермендер мен қатысушылардың назарына джиу-джитсу стилін меңгерген спортшылар шеберлік сабақтарын паш етті. Сонымен қатар фестиваль алаңында «Денсаулық қалашығы» жұмыс жасады. Бұл жерде дәрігерлерден тегін кеңес алды: нутрициолог, кардиолог, дерматовенеролог, жалпы тәжірибедегі дәрігер кеңесі. Артериялық қысым, глюкоза мөлшері мен қандағы холестеринді де өлшетуге болады. Ары қарай символикалық жүгіру және спорттық жүгіріс өткізілді, мұнда ең бастысы жеңіс емес қатысу. Дегенмен бірінші келген бес жеңімпаз алғыс хаттармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болғандар

1 орын – Малансаргенов Чингиз

2 орын – АйтжанРайымбек

3 орын – Каналбай Султан

4 орын – ИсмангалиевАян

5 орын – КапбасовДыман

Спорттық жүгірістен жүлделі орынды иеленгендер:

1 орын – Лобынцева Ангелина

2 орын – Фырынжымаржан

3 орын – Сатыбалдина

4 орын – МайромбаеваКарлыгаш

5 орын – Буякова Анастасия

Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»ЖШС директоры Курманбаева Ақмарал Рахымтаевнаның айтуы бойынша:

- «Денсаулық фестивалі-2017»-жыл сайын Қазақстанның әр аймағында өткізілетін шара. Осы жылғы фестиваль республикамыздағы салауатты өмір салтын сақтау қызметінің құрылуының 20-жылдығына арналады. Бүгін бір уақытта барлық аймақтарда сағат 10.00 денсаулық фестивалі басталады, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында.

Құрметті қонақтар- ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Биртанов, 2012 жылдың олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ж. Сапиев.

Фестиваль аясында жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Денсаулық сабақтары» өткізіліп, «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбы қозғалды, мектеп төңірегінде оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен флешмобтар ұйымдастырылды.

Ауқымды науқанның ұйымдастырушылары-Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» және де Астана қаласы әкімдігінің « Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Елордамыздың барлық спорт шаралары жайлы сайттан оқи аласыздар:http://elordasport.kz/,
#Астанаспортивная  #Астана  #АсетИсекешев  #Казахстан #astana_akimat  
В Instagram http://piclone.com/u/elordasport/3277567554

 

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр