+7 (7172) 26-63-47

IMG 0238Бүгін Дəулет спорт кешенінде баспасөз орталығындаҚазақстан Республикасы Президентінің Кубогі үшін бокстан VI Халықаралық турнирініңбаспасөз жиыны өтті.Бүгін Астанада басталғалы жатқан бокстан ҚР Президенті Кубогында үздік өнер көрсеткен ұлттық құраманың боксшылары Азия Чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Бұл туралы бүгін «Дәулет» спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті. Айта кетейік, осы турнирге Ұлттық құраманың 36 боксшысы қатысып жатыр.

ҚР Президенті Кубогының басталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында бас бапкер «Осы турнирден жеңімпаз атанған боксшылар Азия Чемпионатына іріктеле ме?» деген сұраққа жауап берді.

- «Ұлттық құраманың 36 боксшысы осы турнирге қатысып жатыр. Әрине, бұл жерде кейбір салмақтарда іріктеу болады. Бірінші кезекте, айта кететін жайдай - 10 салмақтың 7 салмақтағы боксшылары ғана Азия ойындарында өнер көрсетеді. Ұйымдастыру комитеті үш салмақты қысқартты. Сол себептен, жеті салмақта қатысамыз. Ал сол жеті салмақта іріктеулер болады. Қай салмақ екенін қараймыз. Неге десеңіздер, кейбір салмақтарда бәсекелестік өте күшті», - дейді ол.

Мырзағали Айтжановтың айтуынша, ұлттық құрамадан мақтаулы спортшылардың барлығы ҚР Президенті Кубогына қатысып жатыр. «Біздің елден бөлек, Азия елінің мықты боксшылары шаршы алаңға шығады. Америкадан, Еуропа елдерінен спортшылар келді. Бірақ, бізге бұл турнирдің ең жақсысы - Азиядағы ең мықты деген, Өзбекстан, Жапония, Моңғолия, Қытай секілді елдерден мықты боксшылар келді. Сол себептен кім (ұлттық құрамадан - авт.) осы жерде жақсы өнер көрсетеді, солар Азия ойындарына барады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі үшін бокстан VI Халықаралық турнир басталады. Бокс бойынша ҚР Президентінің Кубогына 15 елдің өкілдері, атап айтқанда Беларусь, Үндістан, Ресей, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Швеция, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстанның 180-ге жуық спортшысы қатысады. Олардың 140-ы ер, 40-ы әйел спортшылар.