+7 (7172) 26-63-47

20180607 103625Бүгін №66 мектеп-лицейінің спорт алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда арқан тартыс, бұқа тартыс және асық ату түрлері бойынша.

Жарысқа 8 мектеп, жалпы 60 -қа жуық Есіл» ауданы мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты.

Асық ату бойынша жеңімпаздар тізімі:

I -орын Исатай Иса (№ 24 орта мектеп);

II-орын Ыбыш Альтаир (№ 79 мектеп-лицейі);

III-орын Махамбетов Дәулет (№ 66 мектеп-лицейі);

Бұқа тартыс бойынша жеңімпаздар тізімі:

I -орын Қуандыков Карим (№ 66 мектеп-лицейі);

II -орын Қожахмет Тоқтар (№ 78 мектеп-гимназия);

III -орын Дулат Шаттық (№ 24 орта мектеп);

Арқан тартыс бойынша жеңімпаз командалар тізімі:

I -орын № 66 мектеп-лицейі

II -орын № 77 мектеп-гимназиясы

III -орын № 76 мектеп-лицейі

Жалпы командалық есепте 1-орын № 66 мектеп-лицейі алса, 2-орын № 79 мектеп-лицейі және 3-орын № 24 орта мектептің оқушыларына бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/

{gallery}news/2018/06/07{/gallery}