+7 (7172) 26-63-47

 w8ndw15 маусымда Астанада кәсіпқойлар арасында Әкім кубогына муайтайдан халықаралық турнир өтеді. Аталмыш спорттық шара Қазақстанның бас қаласының 20 жылдығына орайластырылып отыр.

Турнир 71 кг дейінгі салмақ санатында «сегіздік» форматында ұйымдастырылады. Таиланд, АҚШ, Бразилия, Швеция, Польша, Иран және Қазақстанның сегіз кәсіпқой спортшысы өзара күш сынасады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде 51 кг дейінгі салмақ санатында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Саясатов Еламан мен Тайланд Корольдігінің Чемпионы Конгкамрай Жирапонг муайтай дүниежүзілік кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионының белбеуін сарапқа салады. 

Турнирді ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан муайтай федерациясы.

Өткізу орны: ЕХРО-2017 аумағында орналасқан Конгресс-орталық (Сауран к-сі, 44).
Жекпе-жектердің басталуы сағат 18.00. Кіру тегін.

#@kazakhstan_muaythai#muaithai#muaithaiastana #астана20жыл????????#astanaday2018