+7 (7172) 26-63-47

IMG 301116 жылда алғаш рет Астанада ересектер мен жасөспірімдер арасында садақ атудан Қазақстан Республикасы Чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің 12 облыстарынан 195 спортшы келді.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің спорт дирекциясының директоры ҚанағатовЕлсияр Баймұхамедұлы,Қазақстан Республикасы садақ ату, арбалет және дартс федерацияның президенті  Мұрзабеков Алмаз Болатұлы және  Қазақстан Республикасы садақ ату, арбалет және дартс федерацияның вице-президенті Сүймбаев Кемелбек Момынұлы және «Sika» компаниясының басшысы Смирнов Александр Владимирович қатысты.

«Мен барлық спортшыларды осы жарыстың ашылу салтанатымен құттықтаймын, биылғы жылы аталмыш жарыс  20-жылдығын атап өтетін әдемі ару қала Астанада өтіп жатыр. Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен үшін Астана қаласының әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғысымды білдіргім келеді. Бұл жарыстарда еліміздің ең мықты спортшылары анықталсын, спортшыларға жарқын жеңістер тілеймін »,- деді өз сөзінде Алмаз Болатұлы.

Жарыс маусымның 21-27 күндері сағат 10:00-де  Астана қаласындағы  «Жас Батыр» СК базасында (Конституция к-сі, 3)өтеді.

#казахстан#астана#спорт#чрк2018#стрельбаизлука#казахстан#астана#жасбатыр#чрк2018#стрельбаизлука#madenietsportastana#astanaakimat#astana #astanaday#madeniet-sport-astana#