+7 (7172) 26-63-47

IMG 20180625 WA0011Өткен демалыс күні Астана қаласындағы Жастар» сарайы алаңында елорданың 20 жылдығы аясында дәстүрлі Сабантой мерекесі өтті.

Мерекелік концерт барысында Татарстан әртістері өз өнерлерін көрсетті. Қонақтарға «Көрәш» ұлттық күресінен батырлардың жекпе-жектері көрсетіліп, түрлі жарыстар, көңілді ұлттық ойындар өткізілді. Атап айтсақ қол күрестіру, гір көтеру және т.б ойын түрлері болды.

Сабантой – көптеген түрік халықтары бұрыннан бері тойлайтын мерекелердің бірі. Бүгінгі таңда көктемгі егіс жұмыстарының аяқталғанын ғана емес, түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтуға сеп болатын халықтар мәдениеті, тілі байлығын сақтауға талпынуды білдіреді. Сабантой ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар жауһарларының тізіміне енгізілген.  

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ,Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/  
#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев #Казахстан#astana_akimat#СпорттықАстана #Астана#АсетИсекешев#Казахстан#astana_akimat