+7 (7172) 26-63-47

rosebouquet1Ақпарат майданында елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген төртінші билік өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің иілмес иықтарыңызға, бүгілмес белдеріңізге зор жауапкершілік жүктелген.  Себебі, қазіргі жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Мұндай сәтте Сiздер тұрғындарымызды жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ақпараттық сала – бұл заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі екенін жеткізе отырып, журналистердің басты қағидалары бұрыннан қалыптасқанын тілге тиек еткен еді.

Ең бастысы, Сіздер билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, тұрғындар тұрмысының жақсаруына зор үлес қосып келесiздер. Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз – қашан да халық назарында. Сондықтан, еселі еңбектеріңіз ел игілігіне айналып, қалам тартқан тақырыптарыңыз табысқа толы болсын деп тілейміз!

Қадірлі қалам ұстаған қауым! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыныздан қасиет кетпесін. Шабыттарыңыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламдастар! Тәуелсіздікті ту етіп, табысқа жетіңіздер! Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына  жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыздар. Мерекелеріңізбен, мәртебелі мамандық иелері! Мереке құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен

Астана қаласы әкімдігінің

«Спорттық – бұқаралық іс-шараларды

өткізу дирекциясы» КММ