+7 (7172) 26-63-47

IMG 4554Бүгін "Алау" мұзайдыны сарайында Астана күніне орай Үстел теннисі бойынша дәстүрлі фестивальдің  бірінші күні аяқталды. Жарысқа Қазақстаннан, Ресей жəне Өзбекістаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшы мен əуесқой спортшылар қатысып жатыр. Бүгінгі жарысқа командалық жəне жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталды. Ертен жеңіс үшін келесі номинациядағы спортшылар қатысады. Олар кәсіпқой, əуесқой, ардагерлер, жасөспірімдер жəне кадеттер, дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар. Бүгінгі жарыс қортындысы бойынша: Əйелдер арасынан жұптық 3-орын: Зубкова Елена. Сандыбаева Малика. 2-орын : Капанова Динара. Капанова Гульсара. 1 -орын: Лаврова Анастасия. Харегко Маргарита. 

Аралас жұптар арасынан: 3-орын Сандыбаева Малика. Чимбарцев Владислав. 2-орын Пульный Павел. Харегко Маргарита. 1-орын Мутыгулин Рамиль. Лаврова Анастасия. Ерлер арасынан жұптық : 3-орын Чимбарцев Владислав. Мутыгулин Рамиль. 2-орын Сарсенбаев Диас. Райтер Эрик. 1-орын Жолудев Денис. Кельбуганов Тимур.