+7 (7172) 26-63-47

6978162f8797b518ef432dfb5f8f974a progressive

28 шілде күні Астана қаласында «Астана-Триатлон 2018» жарысы өтеді. «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана Триатлон федерациясымен бірлесіп «Астана-Триатлон 2018» жарысын өткізеді. Жарысқа 18 жастан жоғары барлық қатысушылар қатыса алады.

«Астана-Триатлон 2018» жарысына қатысқысы келетіндердің барлығы http://triathlonastana.kz сайтына кіріп тіркелулеріңізге болады. Жарыстың ресми нәтижелері elordasport.kz, triathlonastana.kz сайттарында жарияланып, мынадай уақыт көрсеткіштері жазылады:
1. жүзу;
2. бірінші транзиттік аймақты басып өту;
3. велокезең;
4. екінші транзиттік аймақты кесіп өту;
5. жүгіру;
6. мәреге келу уақыты.
Жарыс кезеңдерінің Ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, triathlonastana.kz. сайттарында көрсетілген. Әр топтың жеңімпазы болып қашықтықты ең аз уақытта жүріп өткен қатысушы саналады.
Әр жас санатының жеңімпаздары 1, 2, 3 орындар үшін сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен сонымен қатар «Астана-Триатлон 2018» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ 
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздарhttp://elordasport.kz/
#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев#Казахстан#astana_akimat#СпорттықАстана#Астана #АсетИсекешев