+7 (7172) 26-63-47

IMG 4798Бүгін Астана қаласының 20 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық ойындар түрінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 8 түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тартыс, пауэрлифтинг және т.б. Салтанатты ашылу рәсіміне Қалалық мәслихат депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы, «Арутас» зауытының директоры Бекжан Әлімқұлов және Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Есин Данияр Нұралиұлы қатысты.  Бұл іс – шараның мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында бұқаралық спорт түрлерін дамыту; мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау; салауатты өмір салтын насихаттау; сондай – ақ қоғамды бұқаралық спортқа жаппай тарту.

Жарысқа жалпы 100 ден аса қатысушылар қатысты. Қатысушылар жоғарғы деңгейде дайындалып жақсы көрсеткіш көрсетіп, көрермендерге жағымды эмоциялар жарқын әсерлер қалдырды.

Жарыс сонында 1,2,3, орын иеленген спортшылар медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы сайысқа қатысқан әрбір қатысушыға Қазақстан студенттер альянсы  атынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар берілді. Марапаттау рәсімін қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы Төребеков Дулат Телманұлы, Қазақстан студенттер альянсының президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы және «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдіманав Мұрат Өсербайұлы жүргізді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Тоғызқұмалақ

1 – орын Жуматкенова Әлия

2 – орын Смирнов Александр

3 – орын Ахметова Гүлбаршын

Шахмат

1 – орын Муканов Адильжан

2 – орын Ахметов Бахтияр

3 – орын Ким Владимир

Асық ату

1 – орын Баймаханова Жанар

2 – орын Айдарбаев Болат

3 – орын Шалысбаев Абзал

 Қол күресі

Әйелдер арасынан:

1 – орын Калкова Елена

2 – орын Иржанова Анар

3 – орын Баймұханова Жанар

Ерлер арасынан:

1 – орын Қожыкенов Бекболат

2 – орын Кабулов Асхат

3 – орын Нұрғалиев Медет

Арқан тартыс

1 – орын «Астана» командасы

2 – орын «Жігер» командасы

3 – орын «Мүгедектер жастар қоғамы»

Үстел теннисі

1 дәрежелі;

1 – орын Абулов Құрбанәлі

2 – орын Укубаев Қайсар

3 – орын Пахаров Иван

2 дәрежелі;

          1 – орын Жумагалиев Аслан

2 – орын Дубовик Андрей

3 – орын Ахметов Руслан

Дойбы

Әйелдер арасынан:

1 – орын Раманова Светлана

2 – орын Ахметова Риза

3 – орын Мусина Өміржан

Ерлер арасынан:

          1 – орын Мухтаров Орынтай

2 – орын Ахметов Бақтияр

3 – орын Абелдинов Төлеухан

Пауэрлифтинг

Әйелдер арасынан:

          1 – орын Каликова Елена

2 – орын Тұрсынова Айжан

          Ерлер арасынан:

           1 – орын Кабуов Асхат

2 – орын Абенов Медеу

3 – орын Ескенов Ербол

3 – орын Мукашев Райым