+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы Спартакиада аясында өткен шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа барлығы 4 команда қатысты. Атап айтсақ Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі істер департаменті, Ұлттық ұлан және Төтенше жағдайлар департаменті. Жарыс қортындысы бойынша 3 – орынды Мемлекеттік кірістер департаменті иеленді. 2 – орын Ішкі істер департаменті алса 1 – орынды Төтенше жағдайлар департаментінің жігіттері ұтты. 1, 2, 3 орын иеленген  командаларды Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ  медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ 

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздарhttp://elordasport.kz/