+7 (7172) 26-63-47

Бүгін елордамызда Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының III-ші Кезеңіне және Астана қаласының Ашық Чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Қызылорда, Қостанай, Түркістан облыстарымен қатар Астана, Алматы, Атырау қалаларынан 80 -ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылуына Спорттық атудан Қазақстан Федерациясының бас хатшысы Почивалов Олег Владимирович және Спорттық атудан Қазақстан Федерациясының Вице президенті Оразалиев Нұрлан Бекзадаұлы қатысты. Жарыстың қорытындыларын жарыс аяқталған соң elordasport.kz сайттан көрсеніздер болады.