+7 (7172) 26-63-47

13 08 2018

18 тамыз күні Астана қаласында ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер, велоспорт шеберлері және әуесқой спортшылардың қатысуымен бұқаралық велошеру өтеді. Жыл сайын велошеру 1000 жуық велоспорт шеберлері мен әуесқой спортшыларды жинайды. Аталмыш жарыс  қатысушылары 5 шақырым қашықтықты бағындырады.

Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Велосипедке арналған дулығасы (шлем)  жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді! Жеке велосипед, дулыға (шлем) болуы міндетті түрде.

Таңғы сағат 7.00-де «ҚР Рәміздер» монументі жанында қатысушылар тіркеліп, сағат 8.00-де велошеру басталады.

Сөре «ҚР Рәміздер» монументінен басталып, Қабанбай батыр даңғылы бойы арқылы мәре «Астана Арена»  стадионы алдындағы алаңда  аяқталады.

Жарыс соңында қатысушылардың арасында 10 велосипедке ұтыс ойнатылатын болады.

Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі және «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ  ұйымдастыруда.

Баршаңызды велошеруге қатысуға шақырамыз! Салауатты өмір салтын ұстануға үлесімізді қосайық!

Астана қаласы әкімдігінің
«Спорттық – бұқаралық іс – шараларды
 өткізу дирекциясы» КММ
баспасөз – хатшысы

Айтқалиева Мадина Уалиханқызы

Тел: 8 707 431 31 78