+7 (7172) 26-63-47

Өткен сенбі күні Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ қызметкерлерінің қатысуыменСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары туралы есеп және оның имиджін көтеру бойыншажиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің маңызды істер бойынша офицері Божбанов Абзал Бекмурзаевич қатысып, қызметкерлермен бөлім басшыларына және мамандарға дәріс оқыды.

Дәріс кезінде Елбасымыздың тапсырмасына орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Солардың ішінде атап кетсек жемқорлық істері жөніндегі ақпаратты хабарлаушы азаматтар ең алдымен Сall-центр – 1424 нөмірі арқылы консультациялық қолдау алатыны жайлы және жаңа «Байқоңыр» әкімшілік ауданы құрылғандығын айта келе «Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы» азаматтардың қолдауы мен белсенді қатысуына үміт артатынында атап өтті. Жалпы Жемқорлыққа қарсы күрестің ең негізгі бағыты- жемқорлыққа қарсы қызметіне деген сенімділікті арттыру. Азаматтардың констуциялық құқығын қажетті деңгейде қорғау болып табылады. Дәріс соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікірталас барысында көптеген мәселелер талқыланды.