+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ қызметкерлерінің қатысуымен Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Шантай Марал Мұратқызы және «Нұр-Астана» мешітінің оқытушысы Муслимов Дәурен Мухаметрахимұлы қатысып, қызметкерлермен бөлім басшыларына және мамандарға дәріс оқыды.
Дәріс кезінде Еліміздегі басты діни ағымдар мен бірлестіктердің саны мен түрлері және ерекшеліктері, Радикалды және дәстүрлі емес діни ағымға ілесудің алдын-алу шараларын неден бастау керек екендігі жайлы атап айтып кетті. Сонымен қатар деструктивті діни ұйымдар жайлы мәлімет білу үшін немесе жақын жандарыңызға, өздеріңізге кеңес қажет болған жағдайда 114 немесе Call- центр 78-88-22 нөмірлеріне хабарласуға болатыны жайлы түртіп айта кетті. Дәріс соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, көптеген мәселелер талқыланды.