+7 (7172) 26-63-47

Осы жексенбі күні Астана қаласында мұғалімдер күніне орай «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа 96 қатысушыдан құралған 12 команда қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар «Есіл» ауданы әкімінің аппараты және Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шаралары өткізу дирекциясы. 
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/#Астанаспортивная#Астана#Казахстан#astana_akimat@madeniet_sport.astana


Жарыс қорытындысы бойынша


І орын –№71 мектеп - гимназия: 

ІІ орын –Астана қаласындағы халықаралық мектебі; 

ІІІ орын ––№78 мектеп - гимназия.

Номинация бойынша марапаттау

«Үздік ойыншы» - Рустемханов Ержан;

«Үздік шабуылшы» - Бейсеков Ержан;

«Үздік қорғаушы» - Искакова Айгуль;

«Үздік үйлестіруші» - Сапаргазинова Жадыра.