+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана қаласындағы «Ботаникалық саябақта» медициналық – санитариялық алғашқы көмек жөніндегі «Алматыдан денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей және тұрақты даму мақсаттарына дейін» ДДСҰ – ның МСАК бойынша Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференцияның делегаттары мен қонақтары «Сөзден іске/Walkthe Talk/От слов к делу» акциясына қатысты.

Іс – шараны ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Акцияны өткізудің мақсаты: халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін физикалық белсенділікті насихаттау, күнделікті физикалық белсенділікке деген ұмтылысты қалыптастыру, халықтың денсаулығын қорғауға барлық мүдделі тараптардың күштерңн біріктіру, денсаулықты нығайту, атап айтқанда «Health for all»  аясында физикалық белсенділікті арттыру мақсатында Жаһандық қозғалысқа қолдау көрсету.

Іс – шараға Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ДДСҰ –ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Афшан Хан қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов өз сөзінде, бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі – адамдарда сау болу қажеттілігін, өзінің және балаларының денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау, - деді.

Шара барысында Елжан Біртанов грек – рим күресі бойынша олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкоға , Гиннес рекордтар кітабына рекорды 7 рет енген, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен  жалғыз адам Марат Жыланбаевқа  және «Спарта - Астана» КТК тобының капитаны, РФ – да 2017 жылы өткен Жоғары лигасының жеңімпазы Дания Жұмаділовке ҚР Денсаулық елшісінің төс белгісі мен сертификаттарын табыстады.

Қатысушылар 1 км және 3 км қашықтықта жүгіруді, сондай- ақ, скандинавтық жүгіруді таңдап, өздерінің дене белсенділігіне деген ұмтылысын көрсетті. Жалпы шараға 1000 ға жуық қатысушылар қатысты.

Бағыттар бойынша келесі станциялар ұйымдастырылды:

-         Ыстық сусындар (кофенің орнына бал қосылған шай);

-         Тамақ-тез сіңетін көмірсулардың орнына пайдалы тамақ өнімдерін тұтыну;

-         Өмірлік маңызды көрсеткіштерді өлшеу.

ҚР –ның ең алғашқы Денсаулық елшілері: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов пен әнші, кәсіпқой боксшы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір акция барысында  концерттік бағдарламаға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.  

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уалихан Ахметов шара қатысушыларына белсенділігі және салауатты өмір салтын ұстайтындары үшін, қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді.