+7 (7172) 26-63-47

23 11 2018Астана қаласындағы «Назарбаев» орталығында қарашаның 29 күні  Астана қаласынының жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғаларды айырым белгісі бар төсбелгілерімен және куәліктерімен марапаттау шарасы өтеді.

Іс - шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы 
аясында және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарға арнайы төс белгіні белгілі олимпиада жеңімпаздары және спорт қайраткерлері табыстайды.

Жалпы бұл тестілеуге білім беруші мектеп оқушылары арасында Президенттік тест нормативтерін орындау бойынша 33616 оқушы қатысқан болатын.

Президенттік тест нормативтеріне: Қысқа және ұзын қашықтыққа жүгіру, Ұзындыққа секiру, Кермеге тартылу, Ату, Шаңғымен жүгiру, Жүзу, Қол добын және граната лақтыру кіреді.

Астана қаласының Президенттік тест деңгейінде ең үздік нәтиже көрсеткен 7 оқушыны төсбелгілермен мараппатау рәсімі өткізіледі.

Шараның мақсаты: келер буынға патриоттық тәрбие беріп, отан сүйгіштікке баулу. Өзгелерді де бұқаралық спорт түрімен айналысуға, дәріптеуге шақыру.

Іс – шараны «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастырады.

Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғалардың тізімі

 

1. Котельникова Милана - Школа Гимназия №14, 1 ступень "Шымырлық пен ептілік", (возраст 9-10 лет).

2. Самохина Юлия – Школа-гимназия №14, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).

 3. Филиппова Амина – Школа-гимназия №14, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).

4. Аблакимов Диас – Школа-лицей №35, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).

5. Жаниязов Алиби – Школа-лицей №59, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).

6. Тәжі Әлихан – Школа-гимназия №2 имени Ғ. Қайырбеков, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).

7. Гармонщиков Богдан - Средней школы №44, 2 ступень "Спорт ізбасарлары", (возраст 11-13 лет).