+7 (7172) 26-63-47

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында алғаш рет «Astana Figure Skating Cup – 2019» конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының Ашық Кубогы жарысы басталды. Ашылу салтанатына Астана қаласының мәдениет жəне спорт басқармасының басшысының орынбасары Берік Боромбайұлы, Даму Банкінің Басқарма Төрағасы Болат Бидахметұлы қатысты. Іс-шара мұз айдынын бағындырған әйгілі спортшы Денис Тенді еске алумен басталды.

Жарысқа конькимен мәнерлеп сырғанауды дамытатын клубтар мен спорттық мектептер қатысуда. Жарыс жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен және барша қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Конькимен мәнерлеп сырғанау сайысына еліміздің 7 облысынан 230 мәнерлеп сырғану сортшылары келді. Жарыс екі күнге созылады және2018–2019 ж маусымға арналған бірыңғай Республикалық жіктемеге және ISU ережелеріне сәйкес ұлдар мен қыздар арасында конькимен жеке сырғанау бойынша өткізіледі.

Іс-шарның жалпы мақсаты: дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау; мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру жәнемықты спортшыларды анықтау;        

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Алау» Мұзайдыны сарайы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ;