+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана қаласындағы №71 мектеп- гимназиясының спорттық алаңында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Есіл» ауданы ұйымдарының ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Жарысқа 72 қатысушыдан құралған 9 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту; Cалауатты өмір салтын насихаттау; Ұйымдар арасында қарым-қатынасты нығайту; Волейбол ойынын дамыту және Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командаларды Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының кубоктарымен, дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар жарысқа қатысушылар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік үйлестіруші» және «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс қортындысы: 
1 орын - Назарбаев университетінің командасы
2 орын - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Емханасы бар орталық госпиталі" командасы
3 орын - №71 мектеп- гимназиясының командасы
«Үздік ойыншы» - Сагындыков Арсен
«Үздік қорғаушы» - Атамбай Ораз
«Үздік шабуылшы» - Исмайлов Руслан
«Үздік үйлестіруші» - Харченко Владимир
«Үздік жаттықтырушы» - Искаков Ержан
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы«Есіл» ауданы ауданы әкімінің аппараты ММ @esilakimat,

Астана қаласының Мәдениет жəне спорт басқармасы ММ @madeniet_sport.astana, Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция" КММ 
#астанаакимат#есілакимат#елордаастана#волейбол????#ерлерарасынанволейбол#71мектепгимназия#спорт????#денісаудыңжанысау#спортпеншұғылданайық????????