+7 (7172) 26-63-47

20-21 желтоқсанда «Алау» мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден аса спортшы қатысады.
Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсанда сағат 11:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы кубогі мен чемпионаты – мұз айдыны сарайы базасында спорттың аталмыш түрімен кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар арасында өтетін жылдың финалдық жарыстары.