+7 (7172) 26-63-47

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ,  Елбасының кезекті  2018 жылғы 5 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізіліп,  бірнеше тақырыптарды талқылады. Елбасының кезекті жолдауын талқылау жиналысында мекеме басшысы және мекеме  қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысында мекеме басшысының орынбасары Мусин Жанат Мейрамұлы  Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастағанын, рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғанын айта келіп, биылғы жолдауда алдағы негізгі 10 міндетті айқындағанына тоқталып, Жолдаудың бағыттарына шолу жасады.

Аталмыш жиын барысында мекеменің баспасөз - хатшысы Айтқалиева Мадина Жолдау мазмұнын баяндап, спорт саласы бағытындағы басымдықтарға нақты тоқталып өтті. Отырыс соңында Жолдауда көрсетілген басымдықтар бойынша талқылау жүргізілді. Талқылау барысында мекеме қызметкерлері өз ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе қатысушылар ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағытталған бағдар алатындығы жөнінде ортақ пікірге келді.