+7 (7172) 26-63-47

Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 2 наурыз күні, басталуы сағат. 10:00 – де.

Өткізілу орны: Астана қаласы, «Жасыл аймақ» вело тас жолы

Құрметті БАҚ өкілдері, 2 наурыз күні Астанада "Жасыл аймақ" вело тас жолында Алғыс айту күніне орай "Шаңғы жарысы" өтеді.  Аталған іс-шараға елорда тұрғындары қатысады.

Жарыс жолы 2,5 шақырым.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, "Astana "ӘКК», «Астана орманы» ЖШС.