+7 (7172) 26-63-47

Астана  қаласындағы шаңғы-роллер тас жолында, Елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін жыл сайынғы Универсиада аясында шаңғы тебуден жарыс өтті. Аталмыш іс шара Универсиада ережесі бойынша өтті.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ;

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.  

Жарыс қорытындысы

 

Шаңғы жарысы бойынша (ерлер арасында)

1 орын – Әлібеков Д (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті)

2 орын - Ибраев И (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті )

3орын – Жакупов Д  (Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті)

Шаңғы жарысы бойынша (қыздар арасында)

1 орын – Студент Ж(С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті)

2 орын – Байкенова А (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)

3 орын - Қали (Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті)