+7 (7172) 26-63-47

29 ақпан күні Астана қаласындағы Астана Туран Университетінің спорт кешенінде, «2019 жыл – Жастар Жылы» аясында, елордамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен жыл сайынғы Универсиада аясында Аасық ату мен Бесасықтан жарыс өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командаларды  Астана қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар жарысқа қатысушылар Бес асық пен Асық ату жарысы бойынша бірнеше   номинация бойынша  марапатталды.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.


Жарыс қорытындысы

Асық ату (6 команда)
1 орын - Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті
2 орын – Еуразия гуманитарлық институты

3орын - Қазақ агротехникалық университеті

Номинация бойынша

Қолмерген ойыншы – Дәулет Мейіржан

Көзмерген ойыншы – Шақпақов Азамат

Сұрмерген ойыншы – Санай Абылайхан

Бес асық (6 команда)
1 орын – Қаржы академиясы 
2 орын - Қазақ агротехникалық университеті

3 орын - Еуразия ұлттық университеті

Номинация бойынша

Алғыр ойыншы – Уябаева Нурай

Шебер ойыншы – Марат Ақмаржан

Епті ойыншы – Жумаханова Ардана

@madeniet_sport.astana 
@astana_akimat