+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана қаласындағы  №78 мектеп – гимназиясында, Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Есіл» ауданы ұйымдарының  әйелдер командалары арасында волейболдан турнир жарысы өтті.  

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Салауатты өмір салтын насихаттау; Волейбол спортын дамыту; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді I, II және III орындарға ие болған командаларды Астана қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» дипломдарымен, медальдарымен, сыйлықтарымен жəне кубоктарымен марапатталды.  Сонымен қатар  командалық спорт түрінде волейболдан «Үздік үйлестіруші», «Үздік ойыншы»,  «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» 4 номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының «Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ 


Жарыс қорытындысы

 

1 орын - Балаларды оңалту ұлттық орталығы

2 орын - Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық ауруханасы

3 орын  - «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК

 Номинация бойынша

 

«Үздік үйлестіруші» - Каппарова Алтыншаш

«Үздік ойыншы» - Танирханова Эльвира

«Үздік шабуылшы» - Клышбаева Айзада

«Үздік қорғаушы» - Қабажай Қуанышгүл 

На сайте

Сейчас один гость и ни одного зарегистрированного пользователя на сайте