+7 (7172) 26-63-47

Осы сенбі күні Нұр – Сұлтан қаласында Халықаралық отбасы күніне арналған «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті. Аталмыш турнир Есіл ауданындағы  № 66 мектеп – лицейінің спорттық алаңында өтті. Жарысқа 9 мектептен құралған тоғыз команда қатысты.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Салауатты өмір салтын насихаттау; Командалардың спорттық шеберліктерін жетілдіру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «2019 жыл – Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді I, II және III орындарға ие болған командаларды Нұр - Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Нұр – Сұлтан қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» дипломдарымен, медальдарымен, сыйлықтарымен жəне кубоктарымен марапатталды.  Сонымен қатар  командалық спорт түрінде футболдан «Үздік ойыншы»,  «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы»,  және «Үздік шабуылшы» 4 номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: Нұр - Сұлтан қаласының «Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, Нұр - Сұлтанқаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ 

Жарыс қорытындысы

1 орын - №77 мектеп - гимназия

2 орын -№ 66 мектеп – лицей

3 орын  - Республикалық физика-математика мектебі

 Номинация бойынша 

«Үздік қақпашы» - Кенжебек Еркебұлан (№ 66 мектеп – лицей)

«Үздік ойыншы» - Абдумаликов Бекзат (№77 мектеп - гимназия)

«Үздік шабуылшы» - Қайнарбеков Мансур (РФММ)

«Үздік қорғаушы» - Аманбай Батыр (№77 мектеп - гимназия )