+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Алау мұз айдынында @alauicepalace Қазақстан Республикасының мемемлекеттік рəміздері күнін мерекелеу аясында «Есіл» ауданының @esilakimat зейнеткерлері арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті.  

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Салауатты өмір салтын насихаттау; Денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру және спортты пайдалану; Қоғамды қарттар мәселесіне бет бұруға шақыру.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді және барша қатысушыларды, I, II және III орындарға ие болған қатысушыларды Нұр - Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Нұр – Сұлтан қаласының «Мәдениет және спорт басқармасы» және Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» дипломдарымен, медальдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.  Сонымен қатар I  орындарға ие болған қатысушыларға Алау мұз айдынының әкімшілігі  @alauicepalace «Жазғы орталығына» 1 айлық сертификаттарын табыстады.

Ұйымдастырушылар:Нұр - Сұлтан қаласының «Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, Нұр - Сұлтанқаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ 

Жарыс қорытындысы

Шахмат жарысы (ерлер)

1 орын – Елюбаев Мейрам

2 орын – Чен Валерий

3 орын  - Бердигалиев Алмабек

Дойбы жарысы (әйелдер)

1 орын – Рахманова Назира

2 орын – Костина Людмила

3 орын  – Кусайнова Батима

 

Дойбы жарысы (ерлер)

1 орын – Ажгалиев Орынбасар

2 орын – Мынжанов Есильбай

3 орын  Рахымжанов Қуат