+7 (7172) 26-63-47

Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!!!!  Ағымдағы жылдың 2 маусым күні сағат 10:00 - де Нұр – Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында «JASTAR BIKE» бұқаралық веложүгіріс өтеді.  

Баршаңызды бұқаралық веложүгіріске қатысуға және 9 маусымда өтетін алдағы Президенттік сайлауға қолдауға шақырамыз!!

Жарысқа қала тұрғындары мен әуесқой спортшылар қатыса алады. Веложүгіріс барысында қатысушыларымыз Мемлекеттік рәміздер алаңынан бастап Қабанбай батыр, Ұлы Дала және Тұран даңғылдары бойымен Мемлекеттік рәміздер алаңына дейін 14000 м жүріп өтеді. Мәреде тіркелген қатысушылар арасында ұтыс ойындар өткізіледі.  

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Жарысқа қатысушылардың өз велосипедтері болуға тиіс.

Көлік жүргізушілер назарына!!!  Веложүгіріс өткізу кезінде, қауіпсіздік мақсатында жоғарыда аталған көшелер жабылады! Алдын ала жол жүру бағыттарын таңдауды өтініп сұраймыз!   

Іс - шараның мақсаты: Бұқаралық спортты дамыту; Нұр-сұлтан қаласында спортпен шұғылдануды насихаттау.

Тіркеу сағат 09:00, жарыс – 10:00 – де.  

Ұйымдастырушылар: Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігі, «Нұр – Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ.

2c606ee8 0d25 448d b131 cdfeeea5994c