+7 (7172) 26-63-47

16-20 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында ересектер мен әйелдер арасында бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" VII Халықаралық турнирі өтеді.

16 шілдеде ресми ашылу салтанаты мен ерлер арасында алғашқы жекпе-жектер өтеді. 17 және 18 шілде - жарыс күндері. 19 шілдеде жартылай финал ойындары болады. 20 шілдеде финал мен турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Турнирге Қытай, Үндістан, Болгария, Ресей, Алжир, Филиппин, Сирия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекістан және Тәжікстан елдерінен 11 команда қатысады.