+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласындағы ЕЦ – 166/10 ДУИС спорттық алаңында, Қылмыстық жазасын өтеушілер арасында  жыл сайынғы өтетін Спартакиада жарысы өтті. Биыл Спартакиада жарысын Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы   дәстүр бойынша 10 жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.  Аталмыш жарыс спорттың 6 түрінен өтті (волейбол, футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күресі және асық ату).   

Жарыстың жалпы мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту, елордамыздағы барлық  спорт түрін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталмыш жарысқа Қылмыстық жазасын өтеушілер арасында 50- ге жуық қатысушы қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III орындарға ие болған командалар «Нұр – Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ бекіткен кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар:  «Нұр- Сұлтан  қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ 

Елордамыздың  спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/

@madeniet_sport.nursultan


Жарыс қорытындысы

Асық ату

1 орын – Бекен Қайрат

2 орын – Полатов Жалғас

3 орын – Сағындық Алпамыс

Қол күресі

(70 кг жоғары)

1 орын – Дурдыметов Василий

2 орын – Оспанкулов Марлен

3 орын – Мажейкин Илья

(70 кг дейін)

1 орын – Писарев Павел

2 орын – Сабит Жанболат

3 орын – Бидайбеков Асылбек

Гір тасын көтеру

(16 кг)

1 орын – Бондаренко Виталий

2 орын – Оспанкулов Марлен

3 орын – Молдахметов Аян

Шағын футбол

1 орын – «Тимуровцы» командасы

2 орын – «Барыс» командасы

3 орын – «Джентельмены» командасы

Волейбол

1 орын – «Тимуровцы» командасы

2 орын – «Барыс» командасы

3 орын – «Атлантис» командасы

Арқан тартыс

1 орын – «Беркут» командасы

2 орын – «Тимуровцы» командасы

3 орын - «Барыс» командасы

 

На сайте

Сейчас 143 гостей и ни одного зарегистрированного пользователя на сайте