+7 (7172) 26-63-47

Демалыс күндері елордада қысқы ойын-сауық маусымы ашылады.  Сіздерді, сенбі күні 14 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы Астаналық саябақта шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысына қатысуға шақырамыз. Аталмыш шара елордадағы қысқы маусымның шымылдығын ашпақ. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал жарыс сағат 11:00-де басталады.

Бәсеке әдеттегідей, 1 км дистанцияны бағындырудан басталады. Содан кейін қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді және әрбір топ әртүрлі қашықтықтарда күш сынасады.

45 жастан асқан қатысушы ардагерлер (1974 ж.т.және одан жоғары) оның ішінде ерлер – 3 км, әйелдер – 1 км бағындырады, күш құрылымдары: ерлер-3 км, әйелдер-3 км, жасы 15-тен 20-ға дейін жоғары жас өспірімдер (2004-2005 ж.т, 2002 – 2003 ж.т, 2000 – 2001 ж. т., 1999 ж. т. және одан жоғары) : ерлер-5 км, әйелдер – 3 км, жасы 14-15 жас аралығындағылар (2006 – 2007 ж. т.): ұлдар – 3 км, қыздар - 1 км, сондай-ақ 2007 ж. т кіші жасқа дейінгі ұлдар-1км, қыздар-500 м жарысады.

Жарысқа ниет білдіргендердің барлығы қатысады. Тіркеуден өту үшін жеке куәлік қажет. Шаңғы жарысы өтетін аумақта шаңғы керек-жарақтарын прокатқа беретін екі орын жұмыс істейді.

Әр топ бойынша жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады.

Әр санат бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.