+7 (7172) 26-63-47

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Журналистер күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған бүгінгі өмірімізді радио, телевидение, газет, басқа да электронды құралдарсыз еш елестете алмаймыз. Медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде БАҚ-тың айырықша орын алатынын ешкім де теріске шығара алмайды. Оның жалпы қоғамдағы биік құндылықтарды қалыптастырып, өркендету жолындағы негізгі құрал екенін күллі әлем мойындап отыр. Қашан да мазасыз және маңызды қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан табылып, қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Өз кәсібіне адалдық, айқын азаматтық көзқарас, жаңашылдыққа ұмтылыс, сергектік, міне, осындай қасиеттер қалам, һәм сөз ұстаған қауымды өзге мамандық иелерінен даралап тұрады. Спортты, оның ішінде бұқаралық спортты талмай насихаттап келе жатқан еңбектеріңізге біз де әрқашан алғысымызды білдіреміз. Сіздердің спорт саласында жазған қызықты мақалаларыңыз бен жасаған радиохабарларыңыз, түсірген бейнесюжеттеріңіз барша оқырмандармен, спортшыларды  қанаттандырады, шабыттандырады.

Құрметті тілшілер қауымы, өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер!

Құрметпен, Нұр -Сұлтан  қаласы әкімдігінің "Спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ.