+7 (7172) 26-63-47

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюросының  Нұр – Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі  Асхат Кожумов "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибе" атты тақырып бойынша дәріс жүргізді. Дәріс қазіргі кездегі пандемияға байланысты "ZOOM" бағдарламасы арқылы өтті. Жиынға басшының міндетін атқарушы, басшының орынбасары, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты.

Аталмыш жиында департамент қызметкері жалпы әлемдегі қаржы айналымы мен экономиканың даму факторларына тоқталып өтті. Қазіргі таңда экономиканың дамуы COVID-19 вирусының белең алуына тікелей тәуелді екендігін, және алдыда көп жұмыс күтіп тұрғандығынан хабардар етті. Жалпы әлем бойынша, жемқорлықпен күрес әртүрлі жүргізілуде. Ол әртүрлі заң жобаларын қабылдаумен байланысты. Тап осы жолмен алда келе жатқан елдердің бірі-Сингапур,АҚШ және Жапония. Ал қабылданған өте ауқымды және қатаң заң жобаларына қарамастан сыбайлас жемқорлықпен әлі де қарқынды күресуі керек елдің бірі-Қытай.

Ал осы жемқорлықтың салдары әртүрлі. Бұл жеке адам басынан бастап, мемлекеттік деңгейге дейінгі себептер. Ең басты  себептердің бірі-білім деңгейінің төмендігі, білім саласындағы жемқорлықтың салдары және адамның қоғам алдындағы жауапсыздығы,сәйкесінше тұрмыс деңгейінің төмендігі. Жемқорлықты қабылдамау бойынша алғашқы орындағылар-Скандинавия елдері,Дания, Норвегия. Сонымен қатар дәріс өткізуші әлемде алдыңғы орындарды алатын қаржы орталықтары жайлы да мәлімет беріп кетті. Қазақстанда да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген шаралар мен қыруар жұмыс жасалды. Соның нәтижесінде еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресуші елдер тізімінде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Тақырыпты терең түсіну үшін және азамат ретінде қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырғысы келетіндерге қажетті әдебиетті оқуға кеңес берді. Дәріс барысында, еліміздегі жақсы өзгеріске ұшырап келе жатқан адами қасиеттер мен білім деңгейі,және заңды дұрыс қолдану жайлы қорытынды сөз айтылды.

IMG 20200728 2IMG 20200728 3

 

На сайте

Сейчас на сайте 504 гостя и ни одного пользователя