+7 (7172) 26-63-47

Ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні «ZOOM» бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында турникке тартылу бойынша онлайн жарысы өткен болатын.

Жарыс 4 жас категориясында өткізілді: 16-18 жас( жасөспірімдер), 19-23 жас (ерлер, әйелдер), 24-40 жас (ерлер, әйелдер), 40 жастан жоғары ардагерлер (ерлер, әйелдер).

Аталмыш жарысқа 40 жуық қатысушы қатысты.

Әр категориядан 3 жеңімпаз анықталып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қызметкерлері Online-жарыстың I, II және III орын иеленген жеңімпаздарын дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен үйлеріне жеткізіп марапаттады.

Ұйымдастырушылар: "Нұр- Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ.

Елордамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/
Жарыс қорытындысы:

16-18 жастағы ұлдар:
1 орын - Алданғаров Аңсар Мұратұлы
2 орын - Искаков Данияр Маратұлы
3 орын - Сауриков Әділхан Қанатұлы

19-23 жас:
1 орын - Колесник Сергей Борисович
2 орын - Абдуллаев Игорь Махмудович
3 орын - Абдулин Алим Наильевич

24-40 жас:
1 орын - Нұрланов Ильяс Нұрланұлы.
2 орын - Досполов Асхат Нығматұлы.
3 орын - Қайрбаев Рауан Тохтарханұлы

+40 жас жоғары:
1 орын - Үмүрзақов Азамат Қаратайұлы
2 орын - Утемисов Асылхан Шалхарұлы

IMG 20200728 1IMG 20200728 2