+7 (7172) 26-63-47

20-21 желтоқсанда «Алау» мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ден аса спортшы қатысады.
Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсанда сағат 11:00-де басталады.

Подробнее...  

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Үміт» дағдарыс орталығы» тәрбиеленуші балалар жəне аналары арасында «Көңілді старт» жарысы өтті.

Қатысушылар дипломдармен, сондай-ақ ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ауданы әкімінің аппараты ММ, «Астана қаласының Мәдениет жəне спорт басқармасы» ММ, «Үміт дағдарыс орталығы», Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекция» КММ

Подробнее...  

Астана және Ақмола облысының барлық жастағы 200-ден аса шаңғы тебушілері жаңа қысқы маусымды ашты. Сенбі күні таңертең Астаналық саябақтағы шаңғы-роллерлік трассада «Алғашқы қар» жарыстары өтті.

Шаңғы жарыстары 1 км қашықтыққа символикалық жүгіруден басталды. Биылғы қыстың алғашқы бәйгесін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап берді. Жарыс қатысушыларының арасында кәсіпқой спортшылармен бірге, елордадағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, шаңғы спортымен шұғылданатын әуесқойлар және спортсүйер азаматтар бар. Жарыс жолына шыққан спортшылар қатарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасышың жетекшісі Болат Мажағұлов және шаңғы спортының ардагерлері көрінді.

 «Астана әкімдігі елордада бұқаралық спортты дамытуға күш салып келеді. Көптеген марафондар, веложарыстар, ересектер мен балаларға арналған көңілді жарыстар өткізіледі, ал бүгінгі мереке шаңғышыларға арналып отыр. Мемлекет басшысы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығы туралы айтып келеді, және көріп отырғанымыздай, елордада тіпті қыстың өзінде де бұқаралық спорттық шараларға қатысушылар саны көп», - деп атап көрсетті Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.

«Алғашқы қар» жарысы шеңберінде 16 медальдар жинағы, дипломдар мен сыйлықтар сарапқа салынды. Ал жеңіс тұғырынан көріне алмаған қатысушылар ырғақты музыканың сүйемелдеуімен көңіл көтеріп, жаттығушымен бірге жаттығу жасап, алып қуыршақтармен бірге көңілді ойындарға қатысып, бір серпіліп қалды.

«Біз еліміздің және елордамыздың спорт саласындағы басшыларға шаңғы жарыстарын дамытуда көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Әрине, спорттың бұл түрі жақын уақытта Қазақстанда Скандинав елдеріндегідей кеңінен таралатынын армандаймыз, ал әзірге сол арманға жету жолында тырысып бағудамыз», - деп мәлім етті Қазақстан Шаңғы жарыстары федерациясының І Вице-президенті Никита Девяткин.

Жарыстарға 8 топтағы шаңғышылар қатысты: 

  1. Күш құрылымдары-3 км 
  2. 2008 жылғы және одан кіші жастағы кішілер тобы, қыздар/ұлдар– 500 м 
  3. 1968 жылғы және одан жоғары жастағы ардагерлер, ерлер– 5 км, әйелдер– 3 км 
  4. 2005-2007 жылғы ересек ұлдар және қыздар, қашықтықтар– 2 және 1 км 
  5. 2003-2004 жылғы жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 5 және 3 км 
  6. 2001-2002 жылғы ересек жігіттер мен бойжеткендер, қашықтықтар– 10 және 5 км 
  7. 1999-2000 жылғы юниорлар, қашықтықтар– 10 және 5 км 
  8. 1998 жылғы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер, қашықтықтар- 10 және 5 км 

Өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік медальдармен және дипломдармен, және ұйымдастырушылардың атынан құнды сыйлықтармен марапатталды.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы №71 мектеп- гимназиясының спорттық алаңында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Есіл» ауданы ұйымдарының ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Жарысқа 72 қатысушыдан құралған 9 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту; Cалауатты өмір салтын насихаттау; Ұйымдар арасында қарым-қатынасты нығайту; Волейбол ойынын дамыту және Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау.

Подробнее...  

Астана қаласының әкімдігі барлық шаңғышыларды, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын «Алғашық Кар» қысқы шаңғы маусымның ашылуына шақырады.

Өтетін орны: Шаңғыроллерлі тас жолы
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 08:00
Жарыстың басталуы: 09:00

Подробнее...  

В Алмате финишировал сверхмарафон, посвященный Дню Первого Президента Республики Казахстан и памяти погибших сотрудников органов внутренних дел. Напомним что, беговой сверхмарафон впервые в Казахстане  стартовал в Астане 30 ноября в 10:30 с площади Отан ана. За пять дней участники марафона преодолели 1 300 километров разделяющих северную и южную столицы страны. Финиш состоялся в Алматинском  Парке 28 Гвардейцев-Панфиловцев.

Подробнее...  

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында алғаш рет «Astana Figure Skating Cup – 2019» конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының Ашық Кубогы жарысы басталды. Ашылу салтанатына Астана қаласының мәдениет жəне спорт басқармасының басшысының орынбасары Берік Боромбайұлы, Даму Банкінің Басқарма Төрағасы Болат Бидахметұлы қатысты. Іс-шара мұз айдынын бағындырған әйгілі спортшы Денис Тенді еске алумен басталды.

Жарысқа конькимен мәнерлеп сырғанауды дамытатын клубтар мен спорттық мектептер қатысуда. Жарыс жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен және барша қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Подробнее...  

Сегодня в Астане стартовал сверхмарафон «Астана-Алматы», посвященный Дню независимости Республики Казахстан.
Впервые в Казахстане пройдет уникальный сверхмарафон "Астана-Алматы" с остановками в семи населенных пунктах: Астана – Караганда – Балхаш – Сарышаган – Аксуек – Каскелен-Алматы.

Забег продлится пять дней с утра до обеда. Через каждые 20 километров участники передают эстафету. После обеда во время остановок будут организованы встречи с населением.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы «Назарбаев» орталығында Астана қаласынының жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғаларды айырым белгісі бар төсбелгілерімен және куәліктерімен марапаттау шарасы өтті.

Іс - шара  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға арнайы төс белгіні Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Маржықпаев Берік Боромбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс Федерациялар Одағының Президенті Надирбек Саят Бигумарұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары  Айтжанов Сұлтан Мұратұлы және 2013 жылғы Азия және Әлем Чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Ақшалов Мерей Төлегенұлы марапаттады.

Подробнее...  

Астана қаласындағы №18 орта мектептің спорттық алаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Сарыарқа" ауданында орналасқан мектеп оқушылары арасындағы ұлттық ойын "асық ату" жəне "бес асық" жарыс өтті. Жарысқа 12 мектеп командасы қатысты.

Подробнее...  

23 11 2018Астана қаласындағы «Назарбаев» орталығында қарашаның 29 күні  Астана қаласынының жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғаларды айырым белгісі бар төсбелгілерімен және куәліктерімен марапаттау шарасы өтеді.

Іс - шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы 
аясында және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарға арнайы төс белгіні белгілі олимпиада жеңімпаздары және спорт қайраткерлері табыстайды.

Подробнее...  

15 11 2018Бүгін сағат 11.00-11:30 аралығында Республика бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет жəне спорт миністірлігінің ұйымдастырылуымен Астана қаласы әкімдігінің " Спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу дирекциясы" КММ қызметкерлері " Рухани жаңғыру" тақырыбында "Жалпыхалықтық диктант" жазды.
Шараның басты мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, оны практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру болып табылады. 
@madeniet_sport.astana
@astana_akimat
@kazbilim
@elbasy_live
@sportcommittee.kz
#елбасыжолдауы#латынəліпби#руханижаңғыру#жаңаəліпби#қазақəліпбиі

Бүгін Астана қаласындағы 56 мектеп гимназиясында Сарыарқа ауданы мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа жалпы 100 ден аса мұғалімдер қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды Астана қаласы əкімдігнің Спорттық– бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы №35 мектеп гимназиясындп "Сарыарқа ауданының мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Көңілді старт" жарысы өтті. Аталмыш жарысқа "Қонжық" және "Достар" екі командасы қатысты. Жалпы жарысқа 40 жуық қатысушы қатысып əр командаға қатысушыларымыздың туыстары жанкүйер болды. Барлық қатысушыларды Астана қаласы əкімдігнің "Спорттық– бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы «Ботаникалық саябақта» медициналық – санитариялық алғашқы көмек жөніндегі «Алматыдан денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей және тұрақты даму мақсаттарына дейін» ДДСҰ – ның МСАК бойынша Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференцияның делегаттары мен қонақтары «Сөзден іске/Walkthe Talk/От слов к делу» акциясына қатысты.

Іс – шараны ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр