+7 (7172) 26-63-47

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюросының  Нұр – Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі  Асхат Кожумов "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибе" атты тақырып бойынша дәріс жүргізді. Дәріс қазіргі кездегі пандемияға байланысты "ZOOM" бағдарламасы арқылы өтті. Жиынға басшының міндетін атқарушы, басшының орынбасары, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты.

Аталмыш жиында департамент қызметкері жалпы әлемдегі қаржы айналымы мен экономиканың даму факторларына тоқталып өтті. Қазіргі таңда экономиканың дамуы COVID-19 вирусының белең алуына тікелей тәуелді екендігін, және алдыда көп жұмыс күтіп тұрғандығынан хабардар етті. Жалпы әлем бойынша, жемқорлықпен күрес әртүрлі жүргізілуде. Ол әртүрлі заң жобаларын қабылдаумен байланысты. Тап осы жолмен алда келе жатқан елдердің бірі-Сингапур,АҚШ және Жапония. Ал қабылданған өте ауқымды және қатаң заң жобаларына қарамастан сыбайлас жемқорлықпен әлі де қарқынды күресуі керек елдің бірі-Қытай.

Ал осы жемқорлықтың салдары әртүрлі. Бұл жеке адам басынан бастап, мемлекеттік деңгейге дейінгі себептер. Ең басты  себептердің бірі-білім деңгейінің төмендігі, білім саласындағы жемқорлықтың салдары және адамның қоғам алдындағы жауапсыздығы,сәйкесінше тұрмыс деңгейінің төмендігі. Жемқорлықты қабылдамау бойынша алғашқы орындағылар-Скандинавия елдері,Дания, Норвегия. Сонымен қатар дәріс өткізуші әлемде алдыңғы орындарды алатын қаржы орталықтары жайлы да мәлімет беріп кетті. Қазақстанда да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген шаралар мен қыруар жұмыс жасалды. Соның нәтижесінде еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресуші елдер тізімінде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Тақырыпты терең түсіну үшін және азамат ретінде қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырғысы келетіндерге қажетті әдебиетті оқуға кеңес берді. Дәріс барысында, еліміздегі жақсы өзгеріске ұшырап келе жатқан адами қасиеттер мен білім деңгейі,және заңды дұрыс қолдану жайлы қорытынды сөз айтылды.

IMG 20200728 2IMG 20200728 3

 

Құрметті достар , бүгін 19:00 де тыныс алу жаттығулары бойынша алғашқы эфирді жіберіп алмаңыздар.

Дорогие друзья, 01-02 августа в 11.00 пройдет онлайн турнир по шашкам среди жителей города Нур-Султан.

Оnline-турнир пройдет в домашних условиях в PlayOK шашки.

Подробнее...  

25 шілде күні «ZOOM» бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында турникке тартылу бойынша онлайн жарысы өтті.

Подробнее...  

Қалай дұрыс және пайдалы тыныс алу керек? Өз денсаулығы мен өкпе жұмысын жақсартқысы келетіндерге онлайн форматта кәсіби жаттықтырушылар, дәрігерлер мен йога нұсқаушылары тыныс алу гимнастикасын өткізеді.

Подробнее...  

Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ жаңа логотипімен таныс болыңыздар!

Подробнее...  

Дорогие друзья,  25 июля в 10.00 в программе  «ZOOM»  пройдет онлайн соревнования по подтягиванию на турнике среди жителей города Нур-Султан. Соревнования будут
проводиться в 4 возрастных категориях

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні «ZOOM» бағдарламасында Елорда тұрғындары арасында доп соғу бойынша онлайн жарысы өткен болатын.

Подробнее...  

17 шілде күні «ZOOM» бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында доп соғу бойынша онлайн жарыс өтті.

Жарыс 4 жас категориясында өткізілді: 10-12 жас( ұлдар, қыздар), 13-15 жас (ұлдар, қыздар), 16-18 жас (жасөспірімдер), 18 жастан жоғары (ерлер, әйелдер). Аталмыш жарысқа 70 тен аса қатысушы қатысты.

Подробнее...  

Құрметті достар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс - шараларды өткізу дирекциясы" КММ  іс жүзінде орналасқан мекен -жайын өзгеруін хабарлайды. Мекеме  Қорғалжын тас жолы 13Б, 5 қабатта орналасқан.

Дорогие друзья, 17 июля в 11.00 в программе «ZOOM» пройдет онлайн соревнования по набиванию мяча среди жителей города Нур-Султан.

Подробнее...  

Сіздерді сүйікті елордамыз – Нұр-Сұлтан Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Нұр-Сұлтанның жұлдызы әрқашан жарық болсын!
Елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Туған күніңмен, Елорда!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Журналистер күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған бүгінгі өмірімізді радио, телевидение, газет, басқа да электронды құралдарсыз еш елестете алмаймыз. Медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде БАҚ-тың айырықша орын алатынын ешкім де теріске шығара алмайды. Оның жалпы қоғамдағы биік құндылықтарды қалыптастырып, өркендету жолындағы негізгі құрал екенін күллі әлем мойындап отыр. Қашан да мазасыз және маңызды қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан табылып, қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Өз кәсібіне адалдық, айқын азаматтық көзқарас, жаңашылдыққа ұмтылыс, сергектік, міне, осындай қасиеттер қалам, һәм сөз ұстаған қауымды өзге мамандық иелерінен даралап тұрады. Спортты, оның ішінде бұқаралық спортты талмай насихаттап келе жатқан еңбектеріңізге біз де әрқашан алғысымызды білдіреміз. Сіздердің спорт саласында жазған қызықты мақалаларыңыз бен жасаған радиохабарларыңыз, түсірген бейнесюжеттеріңіз барша оқырмандармен, спортшыларды  қанаттандырады, шабыттандырады.

Құрметті тілшілер қауымы, өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер!

Құрметпен, Нұр -Сұлтан  қаласы әкімдігінің "Спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ.

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Есіл» ауданының оқушылары арасында КАТА бойынша Кёкушинкай-каратэден  онлайн жарысы өтті. Аталмыш жарысқа 12-13, 14-15 және 16-17 жас ерекшеліктерден құралған ұлдар және қыздар арасында болды.

Жарыстың жалпы мақсаты: «Карантин» кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мұмкіндік беру, Кёкушинкай-каратэ спортын балалар арасында дамыту, Бұқаралық спортты дамыту.

Подробнее...  

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Подробнее...