+7 (7172) 26-63-47

Дорогие друзья, 17 июля в 11.00 в программе «ZOOM» пройдет онлайн соревнования по набиванию мяча среди жителей города Нур-Султан.

Подробнее...  

Сіздерді сүйікті елордамыз – Нұр-Сұлтан Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару Нұр-Сұлтанның жұлдызы әрқашан жарық болсын!
Елордамыз қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Туған күніңмен, Елорда!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Журналистер күнімен құттықтаймыз!

Ақпарат ағыны үстемдік етіп тұрған бүгінгі өмірімізді радио, телевидение, газет, басқа да электронды құралдарсыз еш елестете алмаймыз. Медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде БАҚ-тың айырықша орын алатынын ешкім де теріске шығара алмайды. Оның жалпы қоғамдағы биік құндылықтарды қалыптастырып, өркендету жолындағы негізгі құрал екенін күллі әлем мойындап отыр. Қашан да мазасыз және маңызды қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан табылып, қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Өз кәсібіне адалдық, айқын азаматтық көзқарас, жаңашылдыққа ұмтылыс, сергектік, міне, осындай қасиеттер қалам, һәм сөз ұстаған қауымды өзге мамандық иелерінен даралап тұрады. Спортты, оның ішінде бұқаралық спортты талмай насихаттап келе жатқан еңбектеріңізге біз де әрқашан алғысымызды білдіреміз. Сіздердің спорт саласында жазған қызықты мақалаларыңыз бен жасаған радиохабарларыңыз, түсірген бейнесюжеттеріңіз барша оқырмандармен, спортшыларды  қанаттандырады, шабыттандырады.

Құрметті тілшілер қауымы, өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер!

Құрметпен, Нұр -Сұлтан  қаласы әкімдігінің "Спорттық - бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ.

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Есіл» ауданының оқушылары арасында КАТА бойынша Кёкушинкай-каратэден  онлайн жарысы өтті. Аталмыш жарысқа 12-13, 14-15 және 16-17 жас ерекшеліктерден құралған ұлдар және қыздар арасында болды.

Жарыстың жалпы мақсаты: «Карантин» кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мұмкіндік беру, Кёкушинкай-каратэ спортын балалар арасында дамыту, Бұқаралық спортты дамыту.

Подробнее...  

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Есіл" ауданының мектеп оқушылары арасында бес асықтан онлайн жарысы өтті.  Аталмыш жарысқа 20-дан астам адам қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар үш номинация бойынша марапатталды.  Ұйымдастырушылар: "Нұр- Сұлтан  қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ,  Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы әкімінің аппараты" ММ, Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ.

Подробнее...  

Қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер арасында сенбілік  өткізілді.

Сенбілікке аталмыш мекемелердің қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс жасады.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай #Abai175
iggamecenter.com жүйесінде, тоғызқұмалақтан Нұр-Сұлтан қаласыныда, қашықтықта  ашық онлайн турнирі өтеді.

Жарыс қатысушылары 12 мамыр күні елорда уақытымен 17.00 дейін тіркеле алады.

Подробнее...  

Елордада 9 мамыр Ұлы Жеңіс Күнін мерекелеуге орай сайт платформасында http://www.lichess.org Нұр-Сұлтан жастар арасында шахматтан алғашқы онлайн-турнир өтті. Қатысушылардың жалпы саны 80 адамды құрады. Әр қатысушыға партияға 3 минут + 2 секунд берілді. Турнирді өткізу уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 1 сағат 30 минут құрады.

Турнир 2010 ж.т. және одан кіші, 2006 ж. т. және одан кіші және 2003 ж. т. және одан кіші үш жас топтары бойынша өтті.

Подробнее...  

Ұлы Жеңіс Күнін және 7 мамыр мереке күндеріне  орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, 07 мамыр күні  ZOOM бағдарламасында "Family Victory" (отбасының жеңісі), (отбасылық Жеңіс) онлайн жарысын өткізді. Жарысқа  анасы, әкесі және 13 жасқа дейінгі баладан құралған 10 аса  отбасы қатысты. Әр қатысушы өзіне берілген жаттығуларды жасады. Әкелер кеудені жерден көтеру (отжимание), аналар шалқалап  жатып дене көтеру (пресс) және балалар отырып тұру (приседание) жаттығуларын жасады. Барлығына 1 минут уақыт берілді. Жарыстың  жалпы  уақыты 3 минут.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» қызметкерлері жеңімпаздарды димпломдармен, медальдармен және сыйлықтармен үйлеріне жеткізіп марапаттады.

Подробнее...  

Сіздерді - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күнімен шың жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

Құрметпен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұжымы.

 

*Дорогие друзья, в честь празднования Дня Великой победы, 7 мая в 12:00ч в программе ZOOM пройдут онлайн соревнования "Family Victory" (отбасының жеңісі), (семейная победа).
*В соревнованиях участвуют папа, мама, дети до 13 лет. Каждый участник выполняет определенные упражнения.

*Папа выполняет отжимание из положения упора от пола, руки доводит до 90 градусов и разгибает до верхней точки обязательно. Результат: правильное выполнение упражнения на количество раз за 1 минуту.
*Мама выполняет упражнение на пресс, лежа на спине поднятие туловища, руки сложенные в замок за голову, ноги согнутые в коленях под 90 градусов. Упражнение контролируется папой. Результат: правильное выполнение упражнения на количество раз за 1 минуту.

Подробнее...  

Құрметті @elordasport парақшасының оқырмандары!

2⃣7⃣сәуір, яғни,  ертең  1⃣9⃣:0⃣0⃣ тікелей эфирде тілші Аслан Қаженовпен  сұхбаттасатын Азия чемпионы, ҚР чемпионы, халықаралық турнирдің жеңімпазы,

бокстан еңбек сіңірген спорт шеберіЖайна Шекербекова
Тікелей эфирде Сіздер қонағымызға спорт саласындағы және де басқа да сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.  Біз Сіздерді күтеміз.  Үйде отырып тікелей эфирді бірге тамашалайық.
Тікелей эфир @elordasport парақшасында өтеді.

Құрметті достар,  @elordasport парақшасының оқырмандары баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді 🌙 көптен күткен мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймыз!

Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай!

Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Әумин 🤲

Дорогие друзья, 26 апреля в 12.00 в программе ZOOM пройдут онлайн соревнования по планке. Соревнования будут проводиться в 3 возрастных категориях (среди мужчин и женщин по отдельности): до 13 лет, до 18 лет и  свыше 18 лет. В каждой категории будут выявлять по 1  победителю.

Давайте ознакомимся с правилами:
1.Расположите плечи над локтями (планка на предплечьях) или кистями (на прямых руках).
2.Следите, чтобы всё тело было ровным: выпрямите ноги и держите поясницу. Избегайте прогибов в пояснице, провала в лопатках и поднятия таза наверх.
3.Опустите взгляд вниз. Не поднимайте голову, чтобы не перегружать шейный отдел позвоночника.
4.Сохраняйте сильное напряжение по всему телу. Сожмите ягодицы, напрягите живот и подкручивайте таз вперёд.

Кто продержался в этом соревнования больше всех, тот победитель.

Победители получат призы, медали, дипломы с доставкой на дом! Успейте зарегистрироваться до 17.00 часов 25 апреля, для регистрации в соревнованиях обращаться по номеру 8702 514 17 17.
Всем удачи!