Елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында "Қазақстан" спорт сарайының эскиздері көрсетілді, онда нысанды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңғырту жобасы аясында мобильді жабынның көмегімен сахнаға трансформациялау мүмкіндігі бар хоккей алаңы қарастырылған. Алаңның айналасында 6000 көрерменге арналған трибуналар жобаланған. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының есебінен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған мінбелердегі орындар саны ұлғаюда.
📌23 қазан күні елордадағы №68 мектеп-лицейінде
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында «Сарыарқа» ауданының мұғалімдері арасында Волейболдан турнир өтті.
📌Аталмыш турнирге 15 команда қатысты.
Ерлан Шағбан екі дүркін әлем чемпионы атанды!
Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты өтуде. Оған 65 елден 1600 спортшы қатысуда.
54 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ерлан Шағбан барлық қарсыластарынан басым түсіп, 2019 жылғы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Құрметті елордалықтар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН онлайн турнир жарысы өтеді.
?Онлайн ашық турнирі 24 қазан күні сағат 11:00-де аралығында Play OK. платформасында қашықтықта өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында онлайн ДОЙБЫ турнирі өтеді.
📌Online-турнир 24 қазан күні Play OK. дойбы платформасында өтеді.
«Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы»мемлекеттік мекемесіне бағынысты мекемелерінің қатысуымен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен “Барыс” спорт кешенінде қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазымен кездесу болып өтті.
Бүгін жаттығулар жоспарланған барлық жерлерде өтті.
Жаттығуға келіп, уақытты денсаулыққа пайдалы өткізетіндердің барлығына алғыс айтамыз!✊✊✊