30 қараша күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Астана қаласының SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілерінің арасында «Көңілді старт» жарысы өтіп, 20 тәрбиеленуші қатысты. «Көңілді старт» жарысының салтанатты ашылу рәсімі кезінде «Астана қаласының SOS балалар ауылының» директоры Арыстанова Зәуреш Сәкенқызы сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жарыста жеңілгендер болмады,достық, жақсы көңіл-күй мен спортқа деген құмарлық жеңіске жетті. Балалар дипломдармен,естелік сыйлықтармен марапатталды.
Спорт шарасының ұйымдастырушылары «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
#Астанаспортивная #Астана #АсетИсекешев #Казахстан #astana_akimat
14 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Коммуналдық шаруашылықтар қызметкерлері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бастаманың авторы қаланың маңызды қызметтерінің бірі, сумен жабдықтау және суды бұрумен қамтамасыз етуші «Астана Су Арнасы»КМК. Қатысушылар футбол, волейбол, шахмат, дойбы,үстел теннисі және бильярдтан сынға түсті. Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар ретінде «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Маржикпаев Берик Боромбаевич, «Астана-Энергия» АҚ төрағасы Есенжолов Еркеғали Темиргалиевич және «Астана Су Арнасы» бас директоры Зейнулкабден Табиғат Кабденұлы келді.
Спартакиаданың ұйымдастырушысы «Астана Су Арнасы».
11 қараша күні Астана қаласының «Қазақстан» спорт сарайында Республикалық Қысқы спартакиаданың ашылуы өтті. Спарткиаданы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев ашты. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командаларды жинақтау, халықаралық жарыстарға даярлау оның қатарында 2018 жылғы ақпанда Кореяның Пхенчан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада бар. Спартакиада бағдарламасына спорттың 17 түрі енді. Ашылу салтанатына еліміздің облыстарынан команда қатысты. Астаналық шайбалы хоккей Федерациясының қолдауымен бірінші күнді ерлер арасындағы шайбалы хоккей жарысы ашты. Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы Алматы облысының командасын 6- есебімен жеңді. Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодардан 4-3 есебімен басым түсті. Жарыс 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Ойындардың жабылуы Алматы обл, Талғар қаласының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді.
Шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының спорт басқармасы.
Бүгін елордамызда «Нұрал» спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрметті қонақтар ретінде Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы мен ҰРККФ Президенті,Қазақстан Республикасы Парлементі Мәжілісінің депутаты Оксикбаев Омархан Нұртайұлы, Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының депутаты Калетаев Дархан Аманұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Мусайбеков Сәкен Жүнісбекұлы шақырылды.
Елордамыздың спорттық өмірінің жарқын іс-шаралар мен жағымды оқиғаларға, және ірі жеңістерге толы болуының өзі жаңа құрылыс нысандарын салуға күш пен мақсат беруде. «Нұрал» спорттық мектебі заманауилығымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда спорт мектебінде 214 спортшы 6 спорт түрі бойынша жаттығуда: бокс, киокушинкай-кан каратэ, дзюдо, таеквондо, қазақша күрес, джиу-джитсу.
«Нұрал» спорт мектебі киокушинкай-кан каратэ құрама командасының халықаралық деңгейдегі жарыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындарының негізгі жаттығу базасы болып табылады.
Аталған спорт мектебі күрес пен шығыс жекпе-жектеріне арналған жаттығу залдарымен,дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ сабақтарын жүргізуге арналған оқу сыныптарымен қамтамасыз етілген. Спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында шағын сауна, асхана, дәрігер бөлмесі мен қонақ үй бөлмелері салынған.
Ер балалар
#Астанаспортивная #Астана #АсетИсекешев #Казахстан #astana_akimat
Астана қаласында Қазақ күресінен Әлем Чемпионатының финалдық жарыстары өтті. Чемпионатқа әлемнің 40 елінен 167 спортшы қатысты. Олардың арасында атақты балуандар да болды. Қатарында дзюдодан әлем чемпионы Еуропаның 3 дүркін чемпионы грециялық Алексиос Нтанатсидис, джиу-джитсудан әлем чемпионы Бразилиядан келген Ренато Кардозо,күрестен Азия чемпионы Тәжікістандық Хуршед Шарипов,грек-рим күресінің чемпионы Боливиялық Морант бар. Қазақстан атынан 9 балуан өнер көрсетті: Марат Ныгматуллаев, Қуаныш Ысқақов, Қасымхан Төленбай, Ғалымжан Абдрахманов, Адильжан Ыстыбаев, Александр Касачев, Руслан Абдразаков, Ерсұлтан Музафаров және Айбат Сейтен.
21 и 22 в бельгийском городе Малле прошел Чемпионат Мира по Пара Танцам (PARA DANCE). В историю танцевального спорта Казахстана прошедшие соревнования вошли как самые успешные. Впервые наши спортсмены поднялись на высшую ступень пьедестала почета, завоевав золотую медаль и показав лучший результат чемпионата.
Результаты соревнований
Этот потрясающий результат стал возможен, благодаря работе тренеров и президенту РОО "Федерации Современного и Спортивного Танца" Тусупбековой Алии Майдановны.