+7 (7172) 26-63-47

semeynyduatlon10 қыркүйек күні «Астана Триатлон» саябағында жанұя күнін атап өту мерекесіне орай, «EXPO -2017» халықаралық көрмесіне арналған «Жанұялық дуатлон» өткізіледі. Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық спортсүйер жанұяларды, жыл сайынғы барлық отбасына арналған спорттық-бұқарлық іс-шараға шақырады. «Жанұялық дуатлонға»  әкелер, аналар және баллаар қатысып, спорттың екі түрі: жүгіру мен веложарыстан сынға түседі. Жанұялық команда жалпы 4 км 500 м қашықтықты бағындыруы тиіс. Әкелер 2 км, аналар 2 км, балалар 500 м жүгіріп өтеді.

  1. Жарысқа Астана қаласының  спортсүйер жанұялары, «Жанұялық дуатлонға» қатысуға ниет білдірушілер, денсаулық жағдайына байланысты және дәрігер рұқсаты барлар қатысады.
  2. Тіркеу кезінде дуатлонға қатысушы әр жанұя мүшесіне, денсаулығына, өміріне және балалардың денсаулығына жауапты екендігі жөніндегі қолхат толтыруы тиіс.
  3. Жарысқа қатыса алатын балалардың жас шамасы: 9 - 11 және 12 - 14 жас.
    1. Өз велосипедтерінің болуы шарт.Ұйымдастырушылар велосипед бермейді!
    2. Велокезең уақытында дулығаның болуы шарт! Дулығасы жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді!
    3. Ұйымдастырушылар жарыс уақыты,формасы, басталуы мен тіркеу уақытына өзгеріс енгізуге құқылы.
    4. Ұйымдастырушылар мен жарысты өткізуге қатысы бар адамдар спортшылардың денсаулығына жауап бермейді.
    5. Қатысушының нөмірі жарыс соңына дейін тұруы тиіс!
    6. Қатысушыларды тіркеу жарыс күні де өткізіледі
    7.  Жарыс үш арақашықтықта екі спорт түрінен өткізіледі. Жалпы арақашықтық 4,5 км.

Біздің команда спортты сүйетін жанұя-болашық ұрпақты және бүкіл халықтың салауатты болашағының кепілі екендігіне сенімді. «Жанұялық дуатлон» былтырғы жылдың қыркүйек айында өткізіліп,лотореяда велосипедтер ойнатылып, басты жүлде Ыстықкөлге жолдама болған еді. Биылғы жылы басты жүлде-тұрмыстық техника. Сонымен қатар қатысушылар арасында лотореяда велосипедтер ойнатылады.

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бұл

жанұялық мерекенің қала тұрғындары үшін барынша қауіпсіз және жайлы өтуіне бар күшін

салады.

Ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу

дирекциясы» КММ. Іс-шара «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ

қолдауымен өткізіледі.

«Отбасы дуатлоны» іс-шарасына тіркелу e-mail болады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., байланыс телефоны: + 7 701 121 60 14