+7 (7172) 26-63-47

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының тұрғындары арасында ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы «ОТБАСЫЛЫҚ ЖЕҢІС» атты онлайн – жарыс өтті.

Бәсекеге жалпы 18 отбасы 4 санатта бақ сынасты.

Подробнее...  

Сіздерді, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының тұрғындары арасында өтетін «ОТБАСЫЛЫҚ ЖЕҢІС» атты онлайн – жарысқа шақырамыз.

Аталмыш жарыс, ағымдағы жылдың 17 сәуір күні сағат: 10.00-де онлайн режимде ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы өтеді. Қатысуға өтінімді (куәлік, неке туралы куәлік және баланың тууы) 16 сәуірден кешіктірмей төмендегі нөмерге жолдау қажет.
+7775 188 18 38 Каримова Гульзат

Подробнее...  

Шаңғы жарысы  қаланың орталық саябағындағы шаңғы роллер тас жолында, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ашық ауада жеке жағдайда өткізілді.

Әрбір қатысушы (- лар) жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсына отырып, алдын ала  WhatsApp желісі арқылы тіркеуден өтіп,  жарыс ережелерімен таныс болды.

Подробнее...  

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті. Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп  ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша ұйымдастырылды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Подробнее...  

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында "Қазақ күресінен" Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысуда.

Подробнее...  

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарысы өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.

Подробнее...  

Елорда төрінде жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» жасөспірімдер арасында  қалалық ашық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика басшысы, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов қатысты.

Подробнее...  

14 ақпан күні қаламыздың  Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Esil Winter» шаңғы фестивалі өтті.

Аталмыш жарысқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов қатысып қатысушыларға сәттілік тіледі.

Подробнее...  

Бүгін, мекеме қызметкерлері онлайн түрде ZOOM бағдарламасы арқылы​ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәріс алды. Дәрісті өткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Шәріпжанов Айдос Серғазыұлы.

Подробнее...  

Бүгінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен ауданымыздың тұрғындары үшін конькимен сырғанауды үйретуге негізделген тегін сабақтар әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері өткізілуде.

Ал, осы жексенбі, яғни ертең 14 ақпан күні «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Менің аулам спортты сүйеді» атты «Байқоңыр» ауданының аула клубтары арасында «Қысқы көңілді старт» эстафетасының өткізілетінін хабарлаймыз.

Подробнее...  

Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында "Nur-Sultan Open 2021" қалалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика басшысы, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карпов қатысты.

Подробнее...  

Елорда спортшыларына физикалық диспансер қызметін 2014 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №5 қалалық емхана жүзеге асырады.

Спортшыларға мамандардың тереңдетілген тексерулері, зертханалық тексерулер басқа да пациенттермен жалпы кезекте жүргізіледі. Бұл өз кезегінде спортшыларға қолайсыздықтар туғызып және олардың дайындығы мен сауықтыру процесінің сапасына әсер етеді.

Подробнее...  

Құрметт достар! Ертең «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Nur-Sultan Open 2021» ашық Чемпионаты өтеді. Жарыс екі күн бойы, яғни 12-13 ақпан аралығында кіші және үлкен жасөспірімдер арасында өтпек.

Елорда өз төрінде әр өңірлерден келген 100-ден астам спортшы ұл-қыздарды қабылдамақ.

Подробнее...