+7 (7172) 26-63-47

04 06 2018 3

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 5-10 маусым аралығында «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағыбокстан ҚР Президентінің кубогы үшін VI Халықаралық турнирін  тамашалауға шақырамыз! Аталмыш турнирге қазақстандық спортшылар және әлемнің 15 елінен келген 130 ер, 40 әйел боксшы қатысады.

Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шықса ал, қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі бойынша (51 кг, 57 кг, 60 кг, 75 кг дейін) өзара мықтыны анықтайтын болады.

Сонымен қатар Қазақстандық бокс федерациясы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақылар береді: 1 орын – 2000 доллар, 2 орын – 1000 доллар және 3 орынға - 500 доллар.

6 маусымнан бастап Турнирді «QAZSPORT»  арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Турнирдің салтанатты ашылуы 5 маусым күні сағат 14:00-де өтеді.

Алдын ала жекпе-жектер: 6,7,8 маусым сағат 13:00 ден 20:00

Жартылай финал: 9 маусым 13:00 ден 20:00

Финал:10 маусым 13:00

Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан елінен шығатын спортшыларымызды қолдауға шақырамыз.

 Кіру еркін.

#astana_kz?? #Астанаспорт
#astana_akimat
#Astanabox?