+7 (7172) 26-63-47

nurotan5 тамыз күні «Алау» мұз сарайында «НұрОтан» партиясы Астана қаласы филиалының  Төрағасы Кубогы Спартакиадасы өтті. Спартакиада бағдарламасына волейбол,шағын футбол, үстел теннисі және шахмат спорт түрлері кірді. Волейболға 42 адам, шағын футболға 42, шахматқа 6 адам, үстел теннисіне 12 адам қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 102. Спорт шарасының басты мақсаты бұқаралық спорт түрлерінің танымалдылығын арттыру, партия мүшелерін дене шынықтыру және спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға тарту,ұжымдық рух пен бірлікті дәріптеу, сонымен қатар партия ұйымдарының арасындағы байланысты нығайту.

Спартакиада нәтижесі

Волейбол жарысының қорытындысы:

1 орын –«Жас Өркен» БПҰ;

2 орын –«Оқушылар сарайы» БПҰ;

3 орын – «ДАЗ» БПҰ УДОРК.

Шахмат жарысының қорытындысы:

1 орын – «Мәдениет» БПҰ;

2 орын –«Жастар» БПҰ;

3 орын – Қазақстан темір жолы.

Ерлер арасында үстел теннисінің қорытындысы:

1 орын –  «Қалкан» БПҰ;

2 орын –  Назарбаев Университеті;

3 орын –  «Цеснабанк» АҚ.

Әйелдер арасындағы үстел теннисінің қорытындысы :

1 орын – Назарбаев Университеті;

2 орын –  «Integra Construction»ЖШС;

3 орын –  «Қалкан» БПҰ.

Футбол жарысының қорытындысы:

1 орын «Қаржыгер» БПҰ;

2 орын –  «Integra Construction»ЖШС;

3 орын – Ұлттық нейрохирургия орталығы.

Спартакиада ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «НұрОтан» Астана қаласы филиалы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.