+7 (7172) 26-63-47

photo 87318

15 мамыр күні елордада муайтайдан кәсіпқойлар арасында «Астана қаласы әкімінің кубогы» үшін халықаралық турнир өтті. Кеште бүкіләлемдік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша кәсіпқойларар асындағы Азия чемпионы атағы сарапқа салынды.

51 келі салмақта WMC Азия чемпионы белбеуі үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері, атыраулық Еламан Саясатовпен Тайланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонг кездесті. Тай спортшысы осыған дейін 95 кездесуде жеңіске жеткенін айта кету керек.

20 жастағы атыраулық спортшы қарсыласының тәжірибелі болғанына қарамастан оны нокаутқа түсіріп, жеңісті жұлып алды. Осылайша, Еламан чемпиондық белдікті беліне байлады. Белдікті ҚР Муайтай федерациясының президенті Кәрім Мәсімов табыстады.