+7 (7172) 26-63-47

Астанада Спорт күні құрметіне өткізілетін ауқымды шаралардың бірі ВЕЛОЖАРЫС 18 тамызда өтеді.

Аталған шара елордада жыл сайын жаздың соңында ұйымдастырылады, оған 1000 жуық адам қатысады. Веложарыс барысында спортшылар Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Салтанат сарайынан» «Астана Арена» стадионына дейін 5 шақырым жүріп өтеді. Тіркеу сағат 7:00, жарыс – 08.00-де басталады.

Мәреде көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылады, сондай-ақ тіркелген қатысушылар арасында 10 велосипед ұтысы өткізіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Әуесқойлар турниріне қатысушылардың өз велосипедтері болуға тиіс.