+7 (7172) 26-63-47

Осы жексенбі күні Астана қаласында мұғалімдер күніне орай «Байқоныр» ауданының мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа 12 мектеп мұғалімдерден құралған 120 қатысушы қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік байланысшы» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты және Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шаралары өткізу дирекциясы. Жеңімпаздар диплом, кубоктар, сыйлықтар және медальдармен марапатталды.

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздарhttp://elordasport.kz/… @madeniet_sport.astana
Жарыс қорытындысы бойынша 
І орын - №27 мектеп-лицейі;
ІІ орын – № 49 орта мектеп; 
ІІІ орын –№12 балабақша – бастауыш мектеп.

Номинация бойынша марапаттау
«Үздік ойыншы» - Болатхан Қайырлыс (№27 мектеп-лицейі);
«Үздік шабуылшы» - Садуакасов Қайыржан (№8 мектеп-лицейі);
«Үздік қорғаушы» - Оспанова Гулдана (№ 49 орта мектеп); 
«Үздік байланысшы» - Мурзабекова Карина (№ 16 орта мектеп).

IMG 3827 01 10 18 08 36IMG 3828 01 10 18 08 36